Ойын ықпалымен бала бітімінің сымбатты болып қалыптасады. Тәрбиеленушілерді жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде ұлттық ойындарды үйрету және өз еріктерімен орындауға тәрбиелеу. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәні мен дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.Ойын жасөспірімдердің жүгіріп күш сынасу арқылы өкпенің жұмыс қабілеттігін арттырып, дененің барлық мүшесін шынықтырып, жас ағзаның дұрыс қалыптасуын реттейді.Халқымыздың ұлы ақыны- Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ойнатылатын ойындар: «Соқыр теке», «Қыз қуу», «Түйілген орамал», «Орамал жастамақ», «Көтермек», «Күш сынаспақ», «Сақина жасыру».
Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл қозғалыстың және ойынның алатын орны ерекше.
Н.К. Крупская қимылды ойын жөнінде «Ойын-өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып, шыңдалады» деген болатын. Ұлттық ойындармен қатар қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылады. «Қуғыншыдан құтқар» (жүгіруге арналған), «Тышқан мен мысық», «Қапты аяққа киіп секіру», «Кім жылдам?», «Жұптасқан ұстаушылар», қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі: бұл ойындарды ойнап жүріп орындалатынында. Бұл ойнатылатын ойындардың барлығы салауатты өмір-салтын ұстануға тәрбиелеу барысында ерекше орын алады.
Ойын жігерлікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.
Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға, салауатты өмір салтын ұстанатын, қоғамымыздың ерікті өз бас-бостандығын бағалайтын, күші ақылына сай, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатымыз.
P.S. Осы мақсатымызды жүзеге асыру барысында, біздің «Мейірім» мектеп-интернатында тәрбиелі іс атқарудамыз.
А.Т.Нартаева,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім
басқармасының саңырау және нашар
еститін балаларға арналған облыстық
«Мейірім » арнайы түзету
мектеп – интернаты
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің тәрбиешісі