Home » Балабақша » Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы  

Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы  

Хазиахметова Жанна Бахытовна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№70 «Құлыншақ»
балабақшасының психолог маманы.

 

 

Тәрбиешілерге арналған психологиялық семинар-тренинг
Жоспары:
Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық,инновациялық жаңашылыққа биімдеу. Тәрбиешінің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру,кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.
Қатысушылар: тәрбиешілер.
Жұмыс турі:топтық жұмыс.
Тәсілі: тәжірбиелік жаттығулар, жағдаяттар тапсырмалары,сұрақ жауаптар.
Құрметті әріптестер, сәлеметсіздер ме! «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы» атты семинар-тренингке қош келдіңіздер!
«Амандасып алайық» ойыны.
Мен алақанымды соғамын,сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар.Мен қоңырау соғамын,мұрындарыңызбен амандасыңыздар.
«Сен кімсің» ойыны.
Мақсаты: өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.
Барысы: қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйреленіп қойған қағаздағы сұраққа жауап жазу керек. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.
Бұл кезеңде топта гештальтерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.
Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?
Қорытынды:
Құрметті әріптестер, біздің кездесуіміз аяқталып келе жатыр. Сондықтан өз ойларымызды ортаға салып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық! Тренинг сіздерге не берді? Қандай сезімде болдыңыз? Ұсыныс-тілектеріңізді айтыңыздар!
Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін!
Барлықтарыңызға үлкен рахмет

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.