Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Целиноград ауданы №2 Қосшы орта мектебінің рәсім залында«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары ата-аналарының қатысуымен республикалық конференция өтті. Іс-шараға Қосшы ауылдық әкімдігі аппаратының бас маманы Капезова Саниям Милкайдарқызы, мектеп директоры М.Ч.Мукашева, Айдар Темірғалиұлы Қаратаев, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Мұрат Қазыкенұлы Хасенов, Омарова Венера Сатыбалдықызы, 2-4 сыныптардың жетекшілері, мектеп психологтары А.Ж.Байжанова, Ж.А.Байымбетова қатысты.
Конференцияны модераторы –Шәймерден Жантөре ашып, аталмыш тақырыптың маңыздылығын атап көрсетті. Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айдар Темірғалиұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын оқып берді. Сөз кезегін алған «Отбасы тәрбиелеу» институтының директоры София Львовна Евдокимованың «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығы» 2-4 сынып оқушыларының ата-аналарына үндеуі бейнеролик арқылы тыңдалды. Республикалық конференцияда оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғаламтор-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар, оқушылар ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Іс-шара соңында мектеп психологтары ата-аналарға Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған жаднамаларды таратты.
Индира Қуанышева,
мектеп психологы