Home » Мақалалар » Ұрпақ-адамзаттың болашағы

Ұрпақ-адамзаттың болашағы


Ұлы Абай – «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» — десе, чехтің педагогы Я.А. Каменский – Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Ал, сол жаңа жүйенің бәрін бойына сіңіріп, жас ұрпақтың санасына білім нұрын құйып жүрген ұстаздар қауымы. Сондықтан, Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелеуші екені даусыз. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Оқушылардың дара қабілетін арттыру негізінде жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат еткен Шымкент қаласы №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы білім беретін мектептің жаңашыл ұстаздары арасында қаңтар айының аяғы мен ақпан айының басында беретін мектептің жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Жаңартылған білім-жаңашылдыққа бастама» тақырыбында онкүндік өткізілді.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Онкүндік барысында бастауыш сынып мұғалімдері Зиябекова К., Керімжанова Р. ұйымдастыруымен «Жаңа білімге-заманауи  көзқарас» шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Ұстаздар іс-тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сабақ барысында оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін, әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға арналған интербелсенді әдістер көрсетілді. Миға шабуыл» стратегиясы, «Лездеме!» әдісі, «Серпілген сауал» әдісі, «Бірге ойлаймыз» әдістерін ортаға салып, мұғалімдер бұл әдістерді қолдану кезінде сабақ барысында әр оқушының белсенділігін арттырып, мүмкіндіктері мен қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауда маңызы зор екендігін көрсетті.

«Достықтың терең тамыры» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел ұйымдастырған қазақ тілі пәні мұғалімі Умиралина К.Т. мен орыс тілі пәні мұғалімі Байбағысова Г.Д. «Тұлғаны таны» әдісі арқылы ұлы адамдар арасындағы достықтың күшін көрсетіп қана қоймай оқушылардың  белсенді өмірлік көзқарастарын, өз пікірін білдіру, еркіндік, өзара сыйластық дағдыларын арттыруға мүмкіншілігін көрсете білді.

Мектеп психологы Доскулова Г. ұстаздарымен бірге «Мейірімді болса жүрек  орындалар тілек» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыруға бағытталған тренинг ұстаздар қауымына шығармашылық бағыт-бағдар берді. Тренинг мұғалімдердің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеріп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамытуына, ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыруға үлкен көмегін тигізді.

Мектебіміздің деңгейлік бағдарлама бойынша білім алып, жаңаша педагогикалық үрдісте оқушыларға білім беріп жүрген ұстаздар Жұматаева А., Бектөре З. мұғалімдерге де біршама жылдар бойы шығармашылықпен жұмыс істеудің қыр-сырларын үйретіп келеді. Қазірге кезде оқушы білімін бағалаудың ерекшелігін, бағалау үдерісінің оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін әрбір мұғалімнің тәжірибесінде дұрыс қолдануына мүмкіндік беретінін терең ұғынулары үшін «Мұғалімнің бағалаудағы рөлі» тақырыбында коучинг өткізді. Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі мен бағалау мақсаты мен оның қолдану әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірледі.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” — деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді.

 

Г.С.Сапарбаева,
Шымкент қаласы
№19 Ө.Жәнібеков атындағы
жалпы білім беретін мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.