Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында, тәуелсіз еліміздің ХХІ ғасырдағы рухани даму жолы жан-жақты талқыланған. Елбасы өз мақаласында біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгерту қажет деген сүбелі ойларын ортаға салып отыр.
Президенттің бұл мақаласы биылғы Жолдауда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» идеясымен сабақтас. Яғни, қазір елімізде жүргізіліп отырған екі процес – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру процесі қатар жүзеге асуда. Бұл процестердің негізі – Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу.
Елбасының осындай саясатын жүзеге асыруда еліміздің барлық білім беру жүйелерінде арнайы іс-шаралар жоспары құрылып жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Біздің де №35 «Ер Төстік» балабақшасында педагогтар арасында жүргізілген «Кәсіби шеберлер» байқауының сценариін ұсынбақпын.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен әріптестер!
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған «Кәсіби шеберлер» атты байқауына қош келдіңіздер! Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп жетпеген жеңісіне,
орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нақ сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес іспен көрсететін біздің білімді де білікті мамандарымыз, сіздерге өз өнерлерін паш еткелі отыр.
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп асыл халқым қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға – деп,
бүгінгі байқаудың сайыскерлерін қошеметтеп қарсы алыңыздар! «Мәңгілік ел» тобы мен «Қазақ қыздары» тобын қошеметпеп қарсы алайық
Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,
Нұр сәулесін тарататын дос құшақ.
Жас мамандар сайысатын кез келді,
Танытатын бар болмысын барын сап.
Тәрбиешілер өнерін жарыстырып,
Жеңіс үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділ- қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Байқауымызды бастамас бұрын бөлімдерімен таныстырып өтейік:
- «Ал қанекей танысайық» — бұл бөлімде қатысушылар топты таныстырып, өздерінің ұрандарын, слайд, видеороликтер арқылы таныстырады (берілетін уакыт 5-6 минут).
- «Блиц – сұрақтар» яғни бұл бөлімде тәрбиешінің жылдамдығы, ой ұшқыры бағаланады, сіздерге сұрақ беріледі соған жылдам жауап беру керек (берілетін уақыт 5-6 минут) .
- «Халық ертегілері – ұлттық құндылықтың негізі». Бұл жерде тәрбиешілер халық ертегілерінен бір ертегіні алып, заманауи үлгіде сахналау керек (берілетін уақыт 8 – 10 минут).
- «Сөз –жібек жіп, ой – кесте». Бұл бөлімде бала тәрбиесіне байланысты ситуациялық сұрақтар қойылады, ақылдасып отырып жауап бересіздер (берілетін уақыт 5 -6 минут).
- «Таңғажайып киім үлгісі» – бұл жерде топтарға кейіпкерлер киімі берілген 2 команда 2 кейіпкер киімін қорғауы керек, қорғау шеберлігі өздерінің еріктерінде (берілетін уақыт 3 минут).
- «Сұлулық сыры» — сән үлгісі (берілетін уақыт 5 минут).
- «Өнерлінің өрісі кең» — өнер сайысы (берілетін уақыт 7 – 8 минут).
Құрметті сайыскерлер бағалау сандарымен де таныстырып өтейік.
5 – өте жақсы.
4 – жақсы.
3- орташа — деген балдық жүйелерімен бағаланады. Ендеше барлығы түсінікті болса қатысушылардың дайындалуына рұқсат қошеметпен шығарып салайық.
Бәйге десе жарысудан қашпайық,
Ойланайық, асықпайық, саспайық,
Ал бірінші сайыс шарты бойынша
Топтарымызды таныстыра бастайық
— деп сайыстың бірінші бөлімі «Ал қанекей танысайық» бөліміне кезек берейік. «Мәңгілік ел» тобын қошеметпен қарсы алайық.
«Қазақ қыздары» тобын қошеметпен қарсы алайық.
Ал құрметті әділ қазылар алқасы бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды беріп өтсеңіздер.
Қатысушы тәрбиешілердің барлығын ортаға шақырамыз.
Ал , мамандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тектсеріп көрейік біз
Жауап қатсың сұраққа жарайсыңдар
-деп, екінші бөлімге де кезек берейік. Сіздерге сұрақ беріледі, сол сұраққа жылдам жауап берулеріңіз керек.
1) Мектепке дейінгі жастағы баланың тәрбиесінде басты жөл кімге тиесілі? (отбасы)
2) Бала тәрнбиесінде басты рөлді отбасына тиесілі деп көрсетілген заңды құжаттамаларды атаңыз (ҚР конититутциясы, «Білім туралы» заңы, бала құқығы конвенциясы)
3) Отан дегеніміз не? (халқымыз мекендейтін теретория)
4) Ата –анамен қарым – қатынас барысында педагогтың құзіреттілігі неде? (өз білімін үнемі жетілдіреді, белсенді қарым –қатынасқа талпынады , тиянақты, сабырлы, отбасы жайлы түсінігі мол, ата –анамен жұмысты жоспарлы түрде жүргізе алады).
5) Ата – анамен қарым қатынасы жақсы болуы үшін педагог қай обылыста білімді болуы тиіс? ( медицина , педиатрия, психология, педагогика, физиология, және т.б.)
6) Ересек топ балаларына қандай сюжетті — рөлдік ойындар қосылады? («Дәріхана», «Сұлулық салоны», «Магдональц», «Ғарышкерлер», «Біз құрылысшымыз», «Кітапхана», «Мектеп», және т.б. ойындар.
7) Қимылды және театрландырылған ойынның басты атрибуты? (маска)
8) Балалардың сүйікті тәуелсіз іс-әрекеті? (Ойын)
Ендеше құрметті әділқазылар алқасы екінші бөлімнің бағасын беріп өтсеңіздер.
Мамандықтың сан түрлі әдісі бар,
Оның сырын біледі ме, қатысушылар,
Өздері таңдап алған ертегімен
Ал қане сайыскерлер жарысыңдар
— деп келесі үшінші бөлімге кезек береміз.
«Мәңгілік ел» тобын қошеметпен қарсы алайық.
«Қазақ қыздары» тобын қошеметпен қарсы алайық.
Әділ қазылар алқасы үшінші бөлімнің бағасын беріп өтсеңіздер.
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы – қылы ойды ортаға салайық.
Сан — салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жәйді шешіп алайық.
Әр қашан сөзі ізгі ірі асылдар,
Жүрекке үміт сеуіп тұрасыздар.
Өмірде түрлі –түрлі жағдай болса,
Тұғырықтан қалай сіздер шығасыздар-деп, сайысымыздың төртінші кезеңін бастайық. Топ ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
Олай болса экранға назар аударып ұяшықтарды таңдайық.
Әділ қазылар алқасы төртінші бөлімнің бағасын беріп өтсеңіздер.
Тамашалар көрелік,
Ертегілір елінен.
Тілдің майын тамызар,
Сөздің балын ағызар.
Шебер ойнап беретін ,
Кейіпкерлер бізде бар — деп, келесі бесінші бөлім «Таңғажайып киім үлгісі» — бұл жерде топтарға кейіпкерлер киімі берілген екі команда екі кейіпкер киімін қорғау керек, қорғау шеберлігі өздерінің еріктерінде (берілетін уақыт 3 минут)
Құрметті көрермендер «Сұлулық сыры» сән үлгісіне кезек берейік
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, енді бірі ән салыпты.
Бүгінгі байқаудан бәйге алуға
Тәрбиешілер аянбай жан салыпты -деп, жетінші бөлім «Өнерлінің өрісі кең» сайысына кезек берейік. (берілетін уакыт 7- 8 минут)
Арманға алда күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап, оза шауып алға суырылып шыққан топ есімін бірге білейік. Сол үшін әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр — Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат, ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.
Р.Т.Бейсенбекова
№35 «Ер Төстік» балабақшасының әдіскері,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы