Home » Жаңалықтар » Ұрпақтары ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

Ұрпақтары ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

5-мамыр күні Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, «№9 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, екінші дүниежүзілік  соғыстың бар ауыртпалығын өз мойындарымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасып, Жеңіс туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, құрбан болған аталарымызға, мәңгі жас болып жадымызда сақталатын жауынгерлер мен офицерлер рухына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.  Мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Кештің шымылдығын   1-інші  және 2-інші  сынып оқушыларының орындауындағы  патриоттық әндермен ашты. 3-4 сынып оқушылары мен мектебіміздің жас мамандары жеңіс күніне қалай жеткеніміз туралы «Кестелі орамал», «Азаттық жолында» тақырыптарында  көріністер қойып, көрініс соңында «Соғыстан қайтқан солдаттар», «День победы» әнін хормен шырқады. Кешке келген ата-аналар мен ұстаздар көріністерді көріп отырып еріксіз көздеріне жас алды.

Кеш соңында мектеп директоры  Амреева Айымгүл ат салысқан  оқушылар мен жас мамандарға алғысын білдіріп, марапаттады. Ұлы Отан соғысының ауыртпалығымен аталарымыздың қалай қиындықпен қол жеткізгендігі туралы айтып, оқушыларды өздерінің ата-бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіз Қазақстанның бақытты балалары екендігін айтты.

Әрине соғыс болмасын! Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білімді әрі  өз жеріміздің патриоттары болайық!

Бекенова Гүлзат Аманқызы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

«№9 бастауыш мектебі» КММ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.