Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов.
Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Соның бірі № 15 «Әсел» балабақшасының ересектер тобында, Рухани жаңғыру, «Қазақ халқының тарландары» атты ашық сабақтар өтіліп жатыр. Балалардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейтіп, Қазақ өнерінің шеберлерін қадір тұтуға, өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, үлкен Мемлекетіміздің мәдениетті азаматын тәрбиелеу. Осы үлкен мағыналы сабаққа ата-аналарда көп үлес қосты. Өз ойларынан балаларға арнап әшекейлі бұйымдардан, қазақ ұлттық аспаптардан кішігірім кәдесыйлықтардан көрме жасап, балаларды қызықтыра білдік. Бұл сабақ өте қызықты, әрі тартымды өтті.
Боранбаева Сандуғаш Шакенқызы,
Көкшетау қаласы,
№ 15 «Әсел» балабақшасының тәрбиешісі