Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі» КММ
11 «А» сынып оқушысы
Абдикеров Нұржан
Ұстаз деген ұлы атқа,
Лайық жан Ыбырай.
Алғаш мектеп ашып ол,
Жеткізген бізді мұратқа.
«Кел-балалар» — деп жасқа,
Оқуға бәрін шақырған.
Мөлдір бұлақ бастаудың,
Көзін ашқан Ыбырай.
Бар білімін үйретіп,
Оны бізге тапсырған.
Қазақтың «Хрестоматиясын»,
Мұраға бізге қалдырған.
Ағартушы болдыңыз,
Барша қазақ халқына.
Ұстаздықтың шыңысыз,
Ұлылардың бірісіз.