Home » Жаңалықтар » Ұлы Жеңіс!

Ұлы Жеңіс!

Біздің, бүгінгі ұрпақтың тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкілері Отан үшін от кешкен, соғыс алаңында ерлікпен шайқасқан, ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап, еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалған ардагер ата-әжелеріміздің ерліктері. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Кемел ықшам ауданы №193 жалпы білім беретін мектептің  жас тимуршылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Харин Петр Кондратьевич  пен Подколзин Леонид Никитовичті және тылдаға еңбек ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне байланысты тәрбие сағаттары өткізілді. Білім бөлімінің тапсырмасымен «Великая победа в наших сердцах» тақырыбында сурет байқауы  ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар, Жетісу аудандық әкімшілігінің, білім бөлімінің жоспарымен мәдениет үйінде 8-мамыр күні Ұлы Жеңіс  күніне  арналған  мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылдағы еңбек ардагерлері шақырылды. Ардагерлерді Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаяхмет Имашұлы мен №193 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тауасова Гульайым Боранбаевна құттықтап сөз сөйледі. №193 жалпы білім беретін мектептің мектеп әкімшілігі мен жоғарғы сынып оқушыларымен Кемел ықшам ауданындағы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

 

Алланепесова Дильяра Ерболатовна,
№193 жалпы білім беретін мектеп
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.