Home » Жаңалықтар » Ұлы Жеңіс Әндері!

Ұлы Жеңіс Әндері!

2017 жылғы 5 мамыр Қазақстанда Отан қорғаушылар мерекесі  және             9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнінің қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру институтының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін  «Ұлы Жеңіс Әндері!» атты интерактивті үзіліс өткізді.

Лирикалық шежіре уақытының – әндері. Оның ішінде ел тарихының барлық кезеңдерін, қайғысы мен қуанышын, жекелеген адамдар мен бүкіл халық көрініс табады. Жеңіс күндерінен бері 72 жыл өтті, бірақ, алыс және ауыр жылдардың әні жүректі қобалжытып, бүгін де естілуде.

Құрылымдық бөлімшелердің және кафедралардың қызметкерлері тыңдаушылар үшін әндерді орындап қана қоймай, оның жазылу тарихымен де таныстырды. Ол әндерді толғандыратырып, қобалжытып облыс мұғалімдері өз дауыстарымен қосылып әкетті.

Педагогтардың бұл іс-шараға белсенділік танытуы ежелден Отан тыныштығын сақтаған қорғаушыларымыздың ерлігі және патриотизмнің шексіздігін мойындауы болып табылады. Қазақстандықтар өз өмірлерін бостандық пен тәуелсіздікке арнаған барлық ұрпақ батырларының ерліктері туралы естелікті мәңгілік жадында сақтайды.

Г.Мүсетаева

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

ИДӘҚ бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.