Home » Балабақша » Ұлы дала ұрпақтары

Ұлы дала ұрпақтары

 Осыдан 27 жыл бұрын егемендігімізді жариялап,тәуелсіздікке қол жеткіздік.Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни,егеменді, дербес мемлекет.

Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Ерлігін көрсетті, елдігін танытты.

Тәуелсіздік — азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы — өжет, ұлы — қайратты, халқы — қаһарман.Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі.Тәуелсіздік баға жетпес байлық.

Міне, Тәуелсіздік тұғырымыздың биік те, жарқын жетістіктеріміздің арқасында, елімізде ұлы да, дана ұрпақтарымыз тәрбиеленуде.

Біздің мақсатымыз бүлдіршіндерді кішкентай кезінен бастап Отанын сүюге, өз еліңе әруақытта құрметпен қарауға тәрбиелеу.Балалардың өз еліңе мақтаныш, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатымен балабақшамызда «Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілік өте жоғары дәрежеде өтті. «Ертөстік» мектепалды даярлық тобының балалары тәуелсіздік туралы өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеп,«Тәуелсіздік ел ұланы», «Тәуелсіздік», «Атамекен»әндерін патриоттық сезіммен орындап, «Алға, Қазақстан!», «Сарбаздар» билерін билеп, композицияны музыка әуенімен көрсете білді.

Осынау мерекемен баршаңызды МКҚК №110 бөбекжай-балабақшасының ұжымы, балалары шын жүректен құттықтайды. Еліміздің аспаны ашық болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры мәңгілік болсын! Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы құтты болсын!Ұлы дала ұрпақтары жасай берсін!

 

Жалбырова Ләзат Байгунусқызы,
Алматы қаласы
№110 бөбекжай-балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.