Home » Жаңалықтар » Ұлы Дала Ұрандары

Ұлы Дала Ұрандары

 Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы «№13 ЖОББМ» КММ  бойынша «Ұлы дала ұландары» мектепішілік әскери-спорттық іс-шара «Жас сарбаз» қозғалысының жобасы аясында өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы, ««Жас сарбаз» қозғалысының жобасы аясында өткізіліп отырған «Ұлы дала ұландары» әскери –спорттық ойындарының мақсаты оқушылардың Қазақстан қарулы күштеріне қызмет етуге дайындық сапасын мектеп қабырғасынан бастап дағдылану. Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыра отырып  оқушыларды салауатты өмір салтына насихаттау, патриотизмге тәрбиелеу болып табылды. Жарыс бірнеше кезеңдерден тұрды.

Әскери-спорттық ойынның қатысушылары №13 жалпы орта білім беретін мектептерінің  9-10 сыныптары. Команда құрамы: 7 оқушы, оның 4-ер, 3-қыз баладан қатыстырылды

Жауапты пән мұғалімдері; №13 ЖОББМ-нің АӘД ұйымдастырушы-оқытушылары Ван А.В, Жекенов Н.Ж.

Мемлекеттік әнұранмен ашылған салтанатты іс-шара ауған соғысының ардагері Есімсейтов Бауыржан Қазтайұлының құттықтау сөзімен жалғасты.

Мерекелік іс-шараға, ауған соғысының ардагерлері Рамазанов Ертөстік Кокаевич, Есімсейтов Бауыржан Қазтайұлыны және әрқашан өзінің адал еңбегімен ерекшеленген әріптестеріміздің бірі технология пән мұғалімі Елбаев Әбдіхамит шақырылды.

Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті!- деп атап көрсетілген осы мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойына сіңіріп өсуі керек.

Тартымды әрі қызықты өткен әскери-спорттық жарыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Салтанатты мереке Бақыт Жанатбектің орындауындағы «Мен Қазақпын» әнімен жабылды.
Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

Нұрлан ЖАКЕНОВ,
«№13 ЖОББМ» КММ
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.