Home » Жаңалықтар » Ұлы даланың – Ұлы мерекесі

Ұлы даланың – Ұлы мерекесі

Алматы қаласы Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де 20 наурыз күні Ұлттық танымы терең, тарихи салт дәстүрлерге толы Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асырудың  көркем көрінісі десек артық айтпаймыз.  Себебі, көктемнің ұлық мерекесі балалардың Отанға, елге деген ерекше  сүйіспеншілігін  тудыратын таптырмас құрал.

Кішкентай баланың аяғына ала жіп байлап, тұсауын кесу- оның аяғынан тік тұрып, сүрінбей ер жетсін деген қазақтың әдемі салт-дәстүрлерінің бірі. Тәттілерді шашып, келгендерге үлестіру де өмірі тәтті өтсін деген ниеттен туған салт. Мектебімізде Ұлы далағың – Ұлы мерекесін тойлауды осындай  дәстүрді сахналаудан бастады. Ақ арғымағына мінген Қыдыр ата жыйылған көпке ақ батасын беріп,  мактеп ұстаздары мен ата-аналар қауымы салт-дәстүр мен әдет- ғұрып жаскелең жас ұрпақтың санасында мәңгі жатталсын деген оймен Наурыздың ерекшелігін көріністерде көрсетті.

Наурыз – жыл басы, жаңа күннің белгісі. Ол- халықтық мейрам. Сондықтан Отанымызды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлт өкілдері де осы мерекеге ат салыса қатысады. Ұлттар арасындағы татулықты нығайтуға үлкен үлес қосатын осы Ұлы мерекенің қазақстандықтар өмірінде алар орны ерекше. Осыны мақсат тұтқан Білім ордасы мектебімізде тәлім алатын ұлттардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін айшықтайтын оқушылар тарапынан жасалған бұйымдар қойылған көрме ұйымдастырды.

 

Шуақты көктем мерекесін шақырған биші қыздар да мың бұрылып, би биледі.

Бүлдіршіндер көктемге арналған ән шашуларын сыйлады.
Керегесі биік шаңырақта қос бұрымын өріп, қазақы тақия киген немерелерін жанына жинап алған әжелеріміз наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндіріп, оны тойлаудағы ерекшеліктерін, наурыз көженің жасалу жолдарын айтып берді.

 

ДТІЖО:
Ауэлбекова Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.