Home » Мақалалар » «Ұлы даланың жеті қыры»: Ұлт пен ұлылық танымы

«Ұлы даланың жеті қыры»: Ұлт пен ұлылық танымы

 Есіл әңгіменің барлығы бастауынан қайырсаң бағамдауға жеңіл келеді емес пе? Қиырдан қиыстырып әкелген ой төркінін өрбіте сөйлесек көсілуге себеп көп. Ағымдағы жылдың алғы жаңалығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласы. Бұлау деуге балталап бұза алмайтын бірқатар дәйек бар.

Әлқисса, тұжырым басына ту тікпес бұрын аталмыш мақала атауын екі бөліп қарап көрейікші. Әуелгісі –  «Ұлы дала». Тарихнаманадан том-том кітап алдырып, тереңіне үңілу әбестік болар. Десе де бұл ұғым көктен түспегенін айтқым келеді. Иә, қазақ мадақ күтіп, өзіне өзі тіленіп киіп алған тағзым емес бұл. «Ұлы дала» тіркесінің тамыры тым тереңде. Тілге салса түгіміз күдірейіп, рухымыз асбандайтын Түркі ұраны алғаш осы белді айтылған. Сондықтан тамырымыз байланып, жылдар өтіп, шекарамыз сайланған Түркі жұрттары бабадан қалған байтақ атырапты – «Ұлы дала» деп атайды.

Құдайдың таңдайға тамызып, маңдайға бұйыртқан ең ұлы мәртебісі осы. Сол ұлы даланың қожайыны бізбіз!

Кейінгісі – «жеті қыр». Иә, жеті санының иісі қазақ үшін қаншалық құдіретке ие екенін айта кетейікші. Құдайға сенген қауым балған соң біздің ұғымда еуропалықтар секілді фанатизм жоқ (Еуропаның кей елдерінде 13 саны мүлдем қолданылмайды). Десе де бұл санға деген құрметіміз ерекше. Ердің қаруы, елдің киесі, аспанның қаты, жердің қабаты осы бір «7» санымен өлшенеді емес пе?

Иә, бұл біздің геніміздегі түйіршіктердің ішіне өшпестей болып сіңіп алған ақапараттық жасушалар. Кешегі ауылда бәйгеден орын алсаң, әуелеп ән айтсаң сақалын сипаған қариялар: «Ту мына бала жеті қырлы екен!»,- деп таңырқап жатқанын байқаған боларсыз? Иә, бұл жаратылыстағы құдіреттің шыңына жақындау деген ұғыммен сапа-сай түседі деген сөз.

Иә, енді көкірегі ашақ, мәртебелі оқырман үшін оңай математикалық тәсілді қолданып көрейікші. «Ұлы дала» мен «Жеті қыр» ұғымдарын бір біріне қосып, екеуінен бір бүтін жасаса не болмақ?

Әлбетте көне тарих пен күллі түркі жұрты танымының әлгі қазақы қайранға салып «жеті қырлылығын» таныту – басты мақсатқа айналды.

Иә, ең алдымен бұл мақалының қаншалықты орынды жарыққа шыққанын баян етсек. Иә, 27 жылдан астам уақыт бұрын елдігімізді ұран етіп, теңдігімізды тұмар етіп, «Азаттық» деп аталатын асудан асып едік. Ширек ғасыр бойы шекарадан бастап шикізатқа дейінгі аралықты түгендедік. Енді «мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздеуге аттанып бара жатқандаймыз. Ат құлағында ойнаған «қазақ» қандай? Дәл қазір бодандық жайлы айту, болмаса боранды күндер жайлы үш бу хат жазуға болады. Бірақ одан не тынды? Оты жылда осыған көңіліміз тойған шығар. Содан өзгере қалсақ өмір куә болар еді ғой?

«Ұлы даланың жеті қыры» — бұл рухани жаңғырудың бір бөлігі болып көрінуі мүмкін. Бірақ аталмыш мақаланың атқарар миссиясы одан әріректе жатыр. Бұл – қазақтың өзін-өзі тану әдістемелігі.

Сөз соңында түркі жұрты танымызда «Қазақ» деген сөз жігіттің сұлтаны деген ұғымды білдіретінін айтқымыз келеді. Ұмайдай киелі арулар, қазақтай қасиетті жігіттің сырттандары мекен еткен Ұлы даланың өзін тануы – түркілер аңсаған мәңгілікке жасалған ең сенімді қадам емес пе?

Қайырлы болсын!

Қожамұратова Зәмзәгүл Жәділқызы,
Жүзбай Жүнісбеков атындағы негізгі орта
мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.