Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 27 жыл.
Бұл тарих мұхитындағы бір ғана тамшы сияқты, алайда Қазақ елінің абыройын аспанға асқақтатып, әлемдегі алпауыт елдермен иық тіресетіндей жағдайға жеткізген елбасының сарабдал саясаты мен көз түгіл көңіл жетпес көкжиекті болжай білген көрегендігі,ел алдындағы ерен еңбегінің арқасында осы аз ғана мерзім ішінде Қазақстанды бүкіл әлем танып, мойындап отыр. Көздеген мақсаттарымызға қол жеткізу осыны ескерген елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, ұлт тарихын танып білудің жаңа кезеңін бастап беріп отыр.Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. Яғни, әлемдік өркениетке қосқан үлесімізбен жаһандық даму үрдісіне тигізген зор септігімізді қайтадан зерделеп дүние жүзіне жаңаша дәріптеуге үндейді мемлекет жұмысы мақалада архив 2025 ұлы даланың ұлы есімдері Түркі әлемінің технологиялы музеиі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнерімен телевизиядағы көрінісі нақты жобаларды жүзеге асыру керектігін атап өткен. Бұлардың әрқайсысы біздің тарихымыздың көз көріп қол тимеген жаңа парақтарын алуға мол мүмкіндік береді.
«Тамырсыз тал болмайды, тарихсыз ел болмайды» деп келетін мақал мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай. Дүниежүзілік мәдениетке ғылымға, жалпы қоғамдық дамуға өзінің зор үлесін қосқан өлкеде тұрып, өсіп-өну арқылы тарихын жалғастыру әрбір саналы қазақ үшін үлкен мәртебе және мақтаныш. Мақаланы оқи отырып түсінгенім өзіміздің қызығушылықтарымыз арқылы ғана біз қазақ халқы тарих сахнасынан кетпейтінімізді, өшпейтінімізді көрсете аламыз өз тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.Ол үшін Елбасы мақаласында айтылған бастамаларды жүзеге асыру тарихымызбен мәдениетімізді жас ұрпақтың санасына жеткізу біздердің міндетіміз.
Қорыта келгенде ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген Қазақтың кеудесін ешкім баса алмайды. Бұл менің мақаланы оқығаннан кейінгі түсінген ойым. Өз ойымды Елбасының қазақтың тарихында қазақ ұялатын еш нәрсе болған жоқ деген оймен аяқтап және болашақта ұлт тарихында ұлт ұялатын еш нәрсе болмайтынына сенім білдіргім келеді. Осы орайда мен балабақша әдіскері ретінде мектепке дейінгі ұйымдар үшін де елбасының «Рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында да өскелең ұрпаққа көптеген үлгі болатындай, олардың санасына өз еліне, жеріне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті сіңіру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырлып игі істер жасалуда. Өзім қызмет атқаратын Қызылорда қаласындағы №14 «Самал» КМҚК балабақшасы 1983 жылдан бері жұмыс атқарып келеді, балабақшамыздың тарихында осындай іс-шаралар мен елбасының өнегелі істерін келешек ұрпақтың санасына сіңіріп елбасының өнегелі істерін әрқашан мақтан тұтып келеміз. Елбасымыз аман, еліміз тыныш, бейбітшілік заман болсын. Сәбилеріміз аман болсын.
Сарбасова Гүлсім Қалдыбекқызы,
№14 «Самал» балабақшасының әдіскері
Қызылорда қаласы