Тамара Темірболатқызы,
БҚО, Орал қаласы
№9 «Еркемай» бөбекжайының тәрбиешісі.
Білім беру салалары: Қатынас. Таным. Әлеуметтік орта. Шығармашылық.
Бөлімдері: Көркем әдебиет, тіл дамыту, музыка, сурет
Мақсаты: Балаларға ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы түсінік беру, яғни өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Абайдың өлеңдері арқылы туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ізденімпаздыққа жетелеу, тапқырлыққа, шешендікке, көркем сөйлеуге, сөз астарын түсіне білуге, балаға имандылық әліппесін үйрету.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Абай өлеңдерін жаттау, суреттерді қарау, Абай әндерін тыңдау
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрініс қою.
Қажетті көрнекті құралдар: Абай мен ақын-жазушылардың портреті, слайдтар, боялған асықтар, сурет құралдары, үнтаспа,
Қостілділік компонент: Зима – қыс, лето – жаз, весна — көктем, осень — күз, писатель – ақын, ворона – қарға, лиса — түлкі, композитор — сазгер.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Тәрбиеші: —Балалар, Жер Ана, Күн ана, Аспан Анамен және келген қонақтармен амандасайық (Шаттық шеңбері).
Балалар: Армысың шапағатты Күн Ана! Армысың қайырымды Жер Ана! Армысың мейірімді Аспан ана! Армысыңдар құрметті қонақтар! Шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілектер айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі: Ғажайыпстанға саяхат.
-Балалар, біз бүгін қызықты да қиын әдебиет әлеміне саяхатқа шығамыз.
— Экранға назар аударыңыздар.
— Бізді «Білімпаз» ата қарсы алады.
Білімпаз ата көп біледі. Ол кісінің тапсырмасын дұрыс жауап беруіміз керек. (Д/О «Білесің бе?»)
Ойының шарты: суретке қарап, кімнің бейнесі, қандай шығармалары бар екенін айту керек.
Тәрбиеші: Білімпаз ата, біз бүгін қай ақынның шығармасына тоқталамыз?
Білімпаз ата: Өзі ақын, өзі жазушы, аудармашы әрі сазгер, бұл кім?
Абай аталарың өзі тақпақтар, өлеңдер жаза білген. Абайдың балалық шағына саяхатқа шыққыларың келе ме?
Тәрбиеші: Абайдың әкесі Құнанбай баласының зеректігін байқаған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған, сонымен қатар «Приходская школаға» түсіп қосымша орысша оқиды.
Оқудан қайтқан бала Абайдың ауру әжесінің тапқырлығының, ақындығының арқасында көңілін көтерген сәтін тамашалаймыз.
Көрініс: «Абайдың тапқырлығы»
Зере: — Не дейді? Не деп жатыр, естімедім.
Абай: -Әже-ау, былтыр мұндай емес ең…
Құлағыңа не болған, не естімейсің бе?
Зере: -Балам-ай, қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды? — дейді.
Абай: -Жазыла ма өзі, ендеше не істеу керек?
Зере: — Үшкірсе кейде ашылады. Үшкірген жағады.
Айғыз: — Үшкірсе, мына балаң молда болып келді ғой. Үшкірт балаңа.
Абай: Ұшады бозша торғай көдене ықтап,
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап,
Кәрі әжем естімейді нана берсін,
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап, —
деп кеп тағы да «су-ф-ф» деп қояды.
Абай: Қалай әже, құлағың ашылды ма?
Зере: -Е, жақсы боп қалды өркенің өссін балам!
Тәрбиеші: -Бұл Абай атамыздың алғашқы өлеңдерінің бірі, әжесіне арналған.
-Балалар сіздерге көрініс ұнады ма?
-Қай кейіпкер сіздерге ұнады?
-Міне, бала Абайдың алғашқы өлеңі осылай дүниеге келген.
Тәрбиеші: Балалар, саяхатымызды жалғастырайық. Білімпаз атаға назар аударайық.
Білімпаз ата (экраннан) — Абай — аудармашы.
Тәрбиеші: Абайды сонымен бірге біздер аудармашы ретінде танимыз. Ол әлемнің көптеген ақындарының өлендерін қазақ тіліне аударған. Бүгін тыңдайтынымыз орыс мысалшысы И.А.Крыловтың («Ворона и лиса») «Қарға мен түлкі» мысалы.
Тәрбиеші: -Балалар, біздер кандай мысал тыңдадық. Орыс тілінде қалай болады?
Тәрбиеші: Мысалда қандай жаман қасиеттерді атаған?
Тәрбиеші: Бұл жаман қасиеттерге жақын жүресіңдер ме?
Балалар экранға назар аударып аудиотаспадан мысалды тындайды. «Қарға мен түлкі» — «Ворона и лиса»
Осындай адамдар туралы Абайдың қандай өлеңі бар?
Сергіту сәті — «Бойы бұлғаң»
Балалардың қимылы (Дене қозғау, теңселу. Қолды жоғары, оң жаққа, сол жаққа қозғау. Саусақ алға, өзіне нұсқау. Бетті басу. Қол иықта, бір орында жүгіру. Саусақпен басты нұсқау.Тізе бүгу. Қолмен айналаны көрсету. Бір орында теңселу)
Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастырамыз.
Білімпаз ата (экраннан) Абай — жазушы
Тәрбиеші: Абай атамыз артына ойлы да, мәнді сөз қалдырған.
Абайдың «он тоғызыншы қара сөзі» экранда жазылады.
Балалар сіздерге Абайдың қара сөздері таныс қой. Жетінші қара сөзін кім айтып береді?
Біліпмаз ата: Абай — сазгер
Тәрбиеші: Балалар, Абай атамыз сазгер (композитор) болған. Көптеген өлеңдеріне әуен жазған.
-Біздің саз сабағынының жетекшісі Абайдың әуендерін қобызбен ойнап береді. «Желсіз түнде жарық ай» әуені ойналады. Экранда табиғаттың суреттері көрсетіледі.
Тәрбиеші: Балалар тыңдаған әуеннің аты қалай деп аталады?
- Енді, балалар, өлеңді бірге қосылып, сөзімен айтамыз.
Балалар әуенді тыңдайды, табиғатты тамашалайды «Желсіз түнде жарық ай» (қобызбен).
Өлеңді қосылып айтады. Ойын: «Хан талапай» Асықтың түсіне сәйкес балалар өнер орталығында суреттермен жұмыстанады.
Жыл мезгіліне байланысты сурет салады.
Күз — (оргәйнекке саусақ арқылы гуашпен сурет салады).
Жаз, көктем – (түрлі-түсті кұммен сурет салады).
Қыс — (майшам арқылы сурет салады)
Тәрбиеші: Жыл мезгілдері туралы Абайдың қандай өлеңдері бар.
Экранда жылдың төрт мезгілі көрсетіледі.
Балалар, Білімпаз атадан Абайдың ақын, сазгер, қара сөз шебері, аудармашы екенін білдік, рахмет айтып қоштасайық.
Қорытынды:
Тәрбиеші: бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
— Қай Абай ұнады? Несімен?
«Білем деме, балам!» Төлеген Айбергенов.
Балалар: Бала Абай, ақын Абай, жазушы Абай, сазгер Абай, Абай –аудармашы.
Күтілетін нәтиже:
Білім: Абайдың өмірі мен шығармасын біледі.
Білік: Жақсы- жаман қасиеттердің мағынасын түсінді.
Дағды: Үйренген білімдерін қолданады.