2010 жылы 19-ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» атты күн тәртібінің 49 тармағы аясында «Халықаралық Наурыз күні» деп аталатын қарар қабылданды. Халықаралық мәртебеге ие болған бұл мейрам салтын сақтаған, дәстүрін дәріптеген қазақ ұлты үшін тіпті ерекше ерекше.Наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні — аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі. Сондықтан халық санасында ол — Әз Наурыз деп аталады. Бұл күн — сонымен қатар жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Осы күннен бастап Жаңа жыл басталады. Адам аузы аққа, мал аузы көкке тие бастайды. Көктемдегі көркем мерекеге Қарағанды қаласындағы «№102 мектеп-гимназия» КММ-де ерекше дарялық қылған. 16-17 наурыз күндері «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мектепішілік кешенді іс-шара өткізді.
Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары К.С. Нурутдинова және Б.К. Оспанованың алдын ала ұсынған мерекелік бағдарламасы бойынша әр сынып өз өнерлерін көрсетті. 5-сынып «Ұлттық ойындар», 6-сынып «Ұлттық тағамдар», 7-сынып «Ұлттық қолөнер», 8-сынып «Ұлттық музыка», 9-сынып «22 Наурыз-Ұлыстың ұлы күні», 10-сыныптар «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыптарында бар өнерлерін ортаға салды.5«ә» сыныбында «Арқан тартыс», «Қазақша күрес», «Ақсерек! Көксерек!», «Сақина салмақ» ойындары қызыққа толы болды.
Мерекеге келген ақ жаулықты әжелер ақ батасын беріп, көңілді тарқасты. 7 «ә» сыныбы ұлттық қолөнер түрлері туралы ақпараттармен бөлісіп қана қоймай, өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған қамшының қалай өрілетінін көрсетті.
Арнайы құрылған қазылар мүшесі олардың өнерлеріне бағалау критерийлері негізінде қорытынды жасады.
Аталған мерекелік іс-шараға бастауыш сыныптар бойынша 832 оқушы,225 ата-ана қатысты. 5-10 сыныптар бойынша 800 оқушы, жүзден артық ата-ана мерекеге өз үлестерін қосты. Бұл ұлыстың ұлы күнін ұлықтаған, салт –дәстүрін ұмытпаған өскелең ұрпақтың көптігін көрсететін, көңіл марқайтатын көрініс.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»