Home » Мақалалар » Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз

Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз

Наурыз мерекесі тек Қазақстан Республикасы ғана тойлап қоймайды. Наурыз мерекесін барлық дүниежүзі боп тойлайды және де Еуразия халықтарының көпшілігінде наурыз сөзі, мысалы, үнді-иран, герман-латын тілдес халықтарда «новый», «нью», «нео», яғни жаңа деген мағынада қолданылады. Қазақ халқында наурыз жылдың басы болып саналады. «наурыз» сөзі парсы тілінен аударылғанда «жаңа күн» деген мағынада десек етті. Осыған қарағанда бұл сөз Еуразия халықтары жеке тілдерге жіктелмей тұрғанда пайда болған көне ұғым және көне мерекелердің бірі болып саналады. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде.

Парсы патшасы Джамшид өз елінің аумағын аралап жүріп, Азербайджан атты мекенге тап болыпты. Осы жерде уәзірлеріне күнгей бетке қаратып үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесі тақпен шағылысып, айналаға ерекше нұр шашыпты деседі. Содан кейін жұрт осы күнді жаңа жыл есебінде тойлауды әдетке айналдырған екен.

Қалай болғанда да, бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген.

Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Шығыс жыл санағы бойынша, мереке ирандықтардың жаңа жылы Наврузбен жанасады. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені «Бәйшешек», «Гүлгардон» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалықтар «Су мейрамы», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда  күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Қазіргі таңда Наурыз мерекесін бүкіл дүниежүзі болып тойлап, атап өтеміз.

Наурыз мерекесіне арнаған өз өлең шумақтарым:

 

«Наурызға арнау»

Күн мен түн теңесетін сәтті күн,

Тіршілікке өз сәулесін берген күн.

Қуаныш пен күлкіге толған күн,

Ұлыс күні Әз Наурыздан басталған!

 

Халқымыз тоғысады Наурызда

Көрісіп, біліседі Жаңа жылда.

Ертеден келе жатқан Жаңа жылым

Аталады «Наурызым» деп бұл таңда.

 

Ұлыс оң, Ақ мол болсын деген тілекті,

Тілеймін халқымызға шын жүректен.

Білдіріп жылы лебіздерін еліміз,

Жүре бергейсің күн сайын тыныштықпен!

 

Мадина Жұмабекқызы Магзумова,
Павлодар қаласының
№102 сәбилер бақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.