Д.А.Қонаев есімі Қазақстан халқымен
бірге жасары анық ақиқат.
Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасы аясында жерге, елге, өлкеге деген шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі-білім ордаларында 7-сыныптарда өткізіліп жатқан «Өлкетану» таңдау курсы. Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, ел басқарған басшы, қоғам қайраткері, ақыл-парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір-қасиетін адамгершілігі мен асыл бейнесін асқақтатады. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз. Осы орайда Ақкөл орта мектебінің 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Өлкетану» таңдау курсына байланысты өткізілген «Қонаев-ұлы тұлға» атты тарихи-ескерткіш жанында еске алу кеші өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ұлы тұлғаға арнаған өлең шумақтарын оқыды.
«Өткендерін ескерген,
Өскендіктің белгісі.
Өткендерін ұмытқан,
Өшкендіктің белгісі», — демекші, заманымыздың ұлы кемеңгері Дінмұхамед Қонаевтың еліне еткен еңбегін өскелең ұрпаққа дәріптеу біздің парызымыз. Ұлыларымызды ұмытпайық!
Чултубаева Гульвира Орысбекқызы,
Жамбыл облысы, Таласа ауданы, Ақкөл ауылы
Ақкөл орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі