Home » Балабақша » Ұлт – дәстүрімен көрікті

Ұлт – дәстүрімен көрікті

Астана қаласының №18 «Аяжан» балабақшасында Наурыз мерекесінің қарсаңында, рухани жаңғыру аясында  «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы болып өтті. Бұл сайыс балабақшада құрылған «Аналар мектебінің» жоспарына сай ұйымдастырылды. Сайысқа балабақшаның ата-аналар арасынан жас келіндер қатысты. Бес түрлі кезеңнен құралған сайыстың мақсаты — ата-аналарды балабақша өміріне белсене араластыру, қазіргі таңдағы орыс тілді ата-аналарға, балаларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғыртып, насихаттау,  ұлттық өнерді дәріптеу, өз ата-тегін білу, жеті атасын жатқа білу, ұмытылып бара жатқан дәм-тұздардың жасалу жолы мен құрамын таныстыру болды.

Бар өнерін ортаға салған келіндер бірі домбырамен күй күмбірлетсе, бірі мың бұрала биледі, салт-дәстүр аясындағы сұрақтарға жауап бере алмай, мүдіргендер де болды. Сайысқа төрелік еткен әділ-қазылар мүшелері №18 «Аяжан» балабақшасының меңгерушісі Әсел Мүбараковна мен №27 «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Әсел Әділбайқызы өз шешімдерін әділ шығарып, жас келіндер «Аспазшы келін-2019», «Парасатты келін-2019», «Жаңа заман келіні-2019», «Өнерлі келін-2019» атақтары бойынша марапатталды. «Мерей» тобының атынан Сыздықова Назгүл атты келін  III- орынды иемденсе, «Нұрбөбек» тобынан қатысқан келін Бакардинова Әйгерім II- орын, ал  I- орынға «Бәйтерек» тобынан Рамазанқызы Құралай ие болды. Сайысқа қатысқан келіндердің барлығына сыйлықтар беріліп, балабақша ұжымы мен ата-аналар жақсы көңіл-күймен тарасты.

 

Утесинова Гульзат Алимбековна

Астана қаласы №18 «Аяжан» балабақшасының әдіскері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.