Home » Ашық сабақтар » Ұлт болашағы — жалынды жастар

Ұлт болашағы — жалынды жастар

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңызы айрықша деп білемін. Елбасымыз өзінің бірде-бір жолдауында жастар мәселесін ескерусіз қалдырған емес. Ұлт болашағы, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын – жастар қауымы. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. Мемлекет басшысының бұл жолғы жаңа Жолдауы да өзінің ерекше форматымен, аса өзектілігімен және тереңдігімен ерекшеленеді.

Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», — деп айтып өтті.

Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жариялануы – еліміздегі жастар саясатына ерекше екпін, жаңа серпіліс сыйлайтыны анық. Біздің еліміздің жастарының потенциалы өте жоғары. Жастар қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асырудың алдын бастап та кетті.

Соған дәлел Ертіс ауданының жалынды жастары олардың қатарында өзім қызмет жасап отырған мектептің жоғарғы сынып оқушылары жаппай форумдарда, кездесулерде, жаңа бастамалар мен жобаларда өз идеяларымен бөлісіп, дарынды оқушыларымыз әр қырынан танылуда.

Облыстық «Мағжан», «Махамбет» оқуларында, «Ақберен» ақындар мүшәйрасы бағытында ақындық өнерімен танылып, жүлделі орындарға ие болып жүрген 10 сынып оқушысы Сериг Исаны, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен «Болашақ бізбенен!» атты ІХ балалармен – жасөспірімдер ұйымының Құрылтайында бас жүлдені жеңіп алған, «Ұланбасы» 11 сынып оқушысы Мағзұм Оразалының жетекшілік еткен  Ертіс ауданының оқушылар тобын ерекше атап өткім келеді.

Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – білімді ұрпақ. Бүгінгі тәрбиелеп отырған

жастардың бақытына орай, бізде тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған. Дамыған қоғамның белгісі – ол білім, ғылым және мәдениетті жемісті түрде дамыту. Біздің ауданымызда елінің дамуы үшін үлес қосып қана қоймай, оның даму тарихын өзгерту мүмкіндігі бар жігерлі, талантты жастар өте көп.

Біз жастар – Елбасының тапсырмасын толықтай жүзеге асыруға өзіміздің бар күш-жігерімізді, білімімізді, біліктілігімізді сала отырып, Елбасының көздеген мақсаттарына жетуге өз үлесімізді қосамыз.

 Жақанова Сағыныш Жылқайдарқызы,
Павлодар облысы
Ертіс ауданы
№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.