«Д.Қонаев – халқымыздың қайталанбас қоғам қайраткері» атты тарихы танымдық сағаты өтті. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін.қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету,жастардың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Д.Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» деген болатын.Ұлы адамның өмірбаяны және игі істері мен жетістіктері туралы кітапхана қызметкері Г.Әлібекова толығымен баяндап берді. Д.А..Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң,Мәскеудегі түсті металдар иститутын 1936 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап,Балқаш,Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған. 1960-1962, 1964-1986 жылдар аралығында Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитететінің І хатшысықызметін атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары Қазақстанда Ақтау, Текелі, Шардара, Арқалық т.б жетпістен астам үлкенді-кішілі қала салынып, Балқаш пен Жезқазған тау-кен комбинаты, Ақтөбе химия комбинаты, Қаратау фосфор зауыты, Соколов- Сарыбай тау-кен комбинаты, т.б. көптеген алып индустриялы құрылыстар жүзеге асырылды. Д.А.Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комиттетің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Сонымен қатар Д.А. Қонаев ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген. Сонымен қатар ұлы тұлғаның нақыл сөздерін колледж студенттері Алиева Арайлым және Боданова Айдана оқыды.
Мысалы: Адамның жақсы атынан гөрі, жаман атына қанқу сөз үйір келеді.
- Онсыз жазғырудан жаның күйгеде,
- Жан таппайды екенсің.
- Әр заманың өз әні, өз сәні бар.
- «Биікке шықтым, бірақ халқымнан аласа екнімді ұмытпадым».Тарих үшін емес ол да жаңалық.«Д.А. Қонаев туралы әйгілі тұлғаның лебіздері» атты тақырыпта ой-пікірлер жазылған тақта дайындалды.Көрмеге Д.А.Қонаевтың суреттері, ғылыми еңбектері, баспасөз материалдарында жарияланған мақалалары, « Ақиқаттан аттауға болмайды», « От Сталина, до Горбачева», «өтті дәурен осылай», «Елу жыл Ел ағасы» т.б. кітаптары, «Аңыз адам» журналы қойылды. «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» атты деректі фильм көрсетілді. Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де,әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер,жоғарғы оқу орындары бар. Дінмұхамед есімімен аталатын жас ұрпақ та өсіп келе жатыр. Иә, қазақ халқы бар жерде Дінмұхамед Қонаевтың есімі ұмытыла қоймас.Әлібекова Гүлназ Батырбекқызы,№125 С.Сапарбеков атындағы орта
- мектебінің кітапхана меңгерушісі
- Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
- Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Құдасова Ұржан Д.А.Қонаев туралы өзі білетін әңгімелерімен толықтырды. Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікті іске жұмылдыра білетін, қабілеті мол кемеңген басшы болды. Оны халық ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш»дейтін.Д.А.Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі,саяжайы,тіпте кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты.. Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік! — деп, жастарға тілегін білдіріп алғысын айтты.
- Шара басынан аяғына дейін арнайы әзірленген «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты слайд жүргізіп отырды.
- «Тұғыры биік дара тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Дінмұхамед Қонаевтың жай аты,
- Өткен кеткен бұл фәниден сән алып,
Тарих үшін емес ол да жаңалық.Дінмұхамед Қонаевтың жай аты,
«Д.А. Қонаев туралы әйгілі тұлғаның лебіздері» атты тақырыпта ой-пікірлер жазылған тақта дайындалды.
«Тұғыры биік дара тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Д.А. Қонаевтың суреттері, ғылыми еңбектері, баспасөз материалдарында жарияланған мақалалары, « Ақиқаттан аттауға болмайды», « От Сталина, до Горбачева», «өтті дәурен осылай», «Елу жыл Ел ағасы» т.б. кітаптары, «Аңыз адам» журналы қойылды.
Шара басынан аяғына дейін арнайы әзірленген «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты слайд жүргізіп отырды.
«Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» атты деректі фильм көрсетілді.
Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Құдасова Ұржан Д.А. Қонаев туралы өзі білетін әңгімелерімен толықтырды. Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікті іске жұмылдыра білетін, қабілеті мол кемеңген басшы болды. Оны халық ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш»дейтін. Д.А.Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі, саяжайы, тіпте кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты. Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік! — деп, жастарға тілегін білдіріп алғысын айтты.
Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де,әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер,жоғарғы оқу орындары бар. Дінмұхамед есімімен аталатын жас ұрпақ та өсіп келе жатыр. Иә, қазақ халқы бар жерде Дінмұхамед Қонаевтың есімі ұмытыла қоймас.
Әлібекова Гүлназ Батырбекқызы,
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
№125 С.Сапарбеков атындағы орта
мектебінің кітапхана меңгерушісі