Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда.Жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа көзқарастармен қарауды алға қояды.Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның бойында ұлттық құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, адамзат алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеумет- тік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, діни ынтымақтастықты арттыру қажеттілігі туындап отыр.
Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты – коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда ұлттық, адамгершілік құндылықтардың кенжелеп қалғандығы байқалады.
Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді.Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып,ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады.Осыдан шығатын қорытынды ұлттық сана-сезімді ояту үшін халықтық дәстүрлерді, әдебиеті мен мәдениетін,өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу,жеткізуі,үйрету керек.Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу,оны әрі қарай дәстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.
Зиялылық-білімділік, тәрбиелік, мәдениеттіліктің бірлігі.Ол адамның ақыл-ойы мен шығармашылық жұмыстарының нәтижесі,тұлғаның рухани табиғи байлығының көрінісі.Оған тән қасиет:адал ниеттілік, парасаттылық, қайырымдылық, адамгершілік, бекзаттық,жауапкершілік,жанкештілік,сөзінде тұ- рушылық, табандылық,сонымен бірге өзіндік санасының дамуы,тарих пен мәдениетке өзінің қатыстылығын сезінуі.Зиялы адам тек ақыл- ойдың адамы ғана емес,ол өзінің айналасындағы болып жатқан өзгерістерге қам- қарекетсіз
қарамайтын,оған білімімен де,ісімен де,өнегесімен де,сөзімен де белсенді әрекет етіп,әрі оған сенімі берік адам.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде зиялы қауымның қоғамдағы атқаратын қызметіне үлкен мән беріп,былай дейді: «Өзіміздің зиялы қауым туралы әңгімеге айрықша тоқталғым келеді.Қоғамда тарихи-рухани және мәдени байланысты қамтамасыз ететін басқа тап жоқ.Мәдениет ең алдымен жәдігерлік,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші-біздің зиялы қауым»
«Тегінде ең берекелі,ең парасатты тәжірибе,әрине,халық түйген тұжырымдар,ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер,дамыған даналық дәстүрлер,ұстаздық ойлар болса керек-ті.Бұның аты халықтық педагогика» ,-дейді халық жазушысы М.Әлімбаев.Ал филология ғылымдарының докторы М.Тілеужанов болса: «… Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты- ата-бабалардың үлгі –өнегесі,ақыл-кеңесі,дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа,еркіндікке,тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы.Бұл –алдан күткен арманы,ойға алған негізгі мақсаты.Тәрбие- ұрпақ үшін күрес құралы.»,-дейді.Халықтың әдет-ғұрпы- оның мәдениеттілікті қалыптастыру жолында имандылық пен ілтипаттылықты,инабаттылықты,ізеттілікті ұрпағына әуелі үйретіп, жаттық- тырып,дағдыландырып,әдеттендіріп барып әдепті қалыптастырған.
Өз тәжірибемде тәрбие сағаттарында ұлттық адамгершілік құндылықта-
рымызды насихаттауға тырысамын.Бұл орайда адамгершілік қасиеттер, отбасындағы құндылықтар,ұлттық ерекшелігімізге сай қарым-қатынас мәдениетіне көңіл бөлемін. «Отбасы-бақыт мекені», «Әдептілік-адамгершілік бастауы», «Халқымның салт-дәстүрлері» атты тәрбие сағаттары, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша оқырмандар конференциясы барысында ұлттық адамгершілік құндылықтар кеңінен талқыланды.Студенттер шығармада кездесетін жеті атаға байланысты дәстүрді,тәрбиеге байланысты нақыл сөздерді,салт-дәстүрлер,халық ырымдары,тыйым сөздер,ұлттық ойындар, ат тергеу сияқты дәстүрлерді тауып әңгімеледі.Сондай-ақ бауырмалдық,қыз баланы сыйлау,үлкеннің сөзін екі етпеу,бетіне қарсы келмеу,отбасылық еңбек,сүйекке таңба түсірмеу сияқты басты құндылықтарды баяндап берді.
Жастарды жеке тұлға ретінде ұлттық сана мен ұлттық рухты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай адам етіп қалыптастыруда көтерер салмақ ерекше. «Балаң ды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле »,-деп халық нақылында айтылғандай,оқыту мен тәрбиелеу әрекеті арқылы ұлттық сана-сезімі жоғары,терең ойлы,жан-жақты білімді шығармашылық қабілеті шыңдалған,өркениетті қоғамға лайық дара тұлға тәрбиелеу заман талабы,қоғам мүддесі болып отыр.
Мақсатымыз ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу болса,негізгі міндеттеріміз тұсында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде білім мен ғылым ісінде бірігіп қимылдасақ,шығар шыңымыз әрқашан биік болатынына ешкім шүбә келтірмес. Болашаққа біліммен қадам басып,лайықты қолтаңбамызды қалдырайық.Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да ,мұрағатымыз да осы болсын.» деген еді. Сондықтан толыққанды тұлға қалыптастыру үшін туған тілін еркін білетін, ұлт- тық сипаты мен төл болмысын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелеп,әлемдік өркениет тен лайықты орнымызды алайық.
Қарақұл Мейрамкүл Байболатқызы
И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы