Home » Жаңалықтар » Ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны гендерлік әлеуметтендіру мәселесі

Ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны гендерлік әлеуметтендіру мәселесі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты        2017 жылғы желілік жұмыс жоспарына сай ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаның гендерлік әлеуметтенуін жүзеге асыру, білім мен тәрбие берудің оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастарын, ұрпақ тәрбиесін жетілдіруді қолдау мақсатында «Ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны гендерлік әлеуметтендіру мәселесі» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстел  жұмысы 21 маусымда ұйымдастырылып өткізілді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Галимжанова   Маржан Анесовна дөңгелек үстел жұмысын алғы сөзімен ашып, шараның бағдарламасы бойынша жүргізіп отырды. Өз сөзінде қазіргі таңда жаһандану үдерісі ер азаматтар мен әйел адамдардың қарым-қатынасындағы ерекшеліктерімен қатар олардың дүниені қабылдаудағы мәдени тәжірибелерінің өзгешеліктерін зерттеуді қажет етеніне тоқталды. Мемлекетімізде болып жатқан қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай гендерлік тәрбие мен білім беру, гендерлік сана мен гендерлік қатынастардың жаңа үлгісін жасау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибе мен стратегияларды зерттеу негізінде гендер ұғымы жеке даралықтан әлеуметтік-мәдени және саяси категорияға айналды.
Гендерлік мәселе қазіргі заманғы руханияттық ой толғаныстар мен күнделікті тұрмыс кешудің көпжақты қырларына байланысты туындаған қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, экономикалық-әлеуметтік саланы тұтастай қамтитын, жалпы алғанда, антропологиялық тұрпатты ізденістер мен түйткілдердің шынайы өмірмәнділік көрінісі болып табылады.
Ер мен әйел арасындағы қатынас пен оның теңдігі гуманистік тұрпатты болып келетіндіктен, ол өзінің қарышты ауқымын кеңірек жайып келе жатырған және біршама тартысты болып құрылған шынайы өмірмәнділік құбылыс, әрі теориялық талдаудың кең алаңы. Оны іс-тәжірибеде қолдану үшін әрі қарай зерделеу мен пайымдау, мәселеге тереңірек бойлай ену, бүгінгі таңда өзекті мәселелерді туындатып келетініне тоқталды. Осы мәселелер негізінде институт қызметкерлерінің дөңгелек  үстел  алдында  түсірілген қала тұрғындарының көзқарасы бойынша сұхпатты бейнебаяны көрсетілді.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетінің «Психология және арнайы   білім беру» кафедрасының доценті Каженбаева Айжан Есетқызы: — соңғы уақыттарда қоғамда талқыланатын мәселелердің қатарында адам жынысының ерекшеліктеріне және адам психологиялық айырмашылықтарына байланысты. Ер адамдар мен әйел адамдар, ұлдар мен қыздар әр түрлі параметрлер бойынша, яғни психофизиологиядан және нейропсихологиядан бастап психиканың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін салыстыру аясында «Психологиядағы гендерлік ерекшеліктер» тақырыбында өз пікірімен бөлісті.
Ал, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Тажиева Гульмира Капановна:- тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар педагогтердің де ықпалы зор. Педагог тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Тәрбие қызметі білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау. Оқушылардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау бағытында атқарылып жатырған жұмыстар бойынша «Мектеп – гендерлік тәрбие мен білім беру және гендерлік әлеуметтендіру институты» тақырыбы аясында ой-пікірін ортаға салды.
Гендер – бұл ер және әйел адамдардың мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдердің жиынтығы. Қоғамдық сананың гендерлік парадигмасында мәдениеттің алатын рөлі ерекше. Осы тақырып шеңберінде Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының әдіскері Ескендір Гүлжан Шынтасқызы ой-пікірлерін айтып өтті.Мақат ауданы, Доссор кенті, Абай атындағы орта мектеп директорының орынбасары Жұмашева Жазира Аманкелдіқызы «Қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісін гендерлік амал негізінде ұйымдастыру маңызды» тақырыбында мектеп оқушыларының бойындағы жауапкершілік, ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек секілді бағалы адамгершілік қасиеттерді дамытуда  атқарылып жатырған істерге тоқталды.
«Өмірдің жалғасы, елдің  болашағы, ұлт арқауының тіні – бала» деп білсек, осы үлкен жолда әйел адамның алатын орны ерекше екендігі тіршілік иесінің бәріне аян. Қазақ халқының перзент тәлім-тәрбиесін ана құрсағынан бастау алатынын дәлелдеуі өзге халықтардан ерекшелігі, даналығы, көрегенділігі, тектілігінің белгісі дей келе, Атырау Бизнес және Құқық колледжінің экономика пәні оқытушысы «Әйел адамдардың өмірдегі және қоғамдағы орны» тақырыбында Нургалиева Алия Джолдыбайқызы   өз пікірімен бөлісті.
Жаңа білім беру мазмұнының  базалық ұстанымы — әрбір мектепте тұлғаның рухани — адамгершілік қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру. Білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, оқушыларының бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарып, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту – жарқын келешек негізі. «Өмір мен білімді әдемі үйлесімге біріктіру» тақырып шеңберінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инстутының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Аязбаева Назерке Ғалымжанқызына сөз жолданды.
Дөңгелек үстел жұмысында толғамды құнды ой-пікірлер тыңдалып, ойталқы, пікір алмасу, іс-тәжірибелерін зерделеу бағытында өткізілді. Шара соңында ұсыныстар қабылданып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.






Гульзахира КАЛЕНОВА

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.