Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық діл, ұлттық намыс және тағы да басқа ұлтымызға тән ерекшеліктердің қайсысынан бастап дәріптеп, білім беру қажет. Ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілімен тығыз байланысты.
Ұлт болу үшін тіл, тілін таза меңгеруі үшін тәрбие керек. Атам қазақ «Тәрбие – тал бесіктен», «Баланы жастан» деп бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыпты бала бойына жас кезінен сіңіруді қолға алған. Бала талшыбық секілді қалай исеңіз де икемге келеді. Сол себепті баланың бойына халқымыз өнер-білімді жастай үйретті. Бала тәрбиесі – қоғам, мемлекет алдындағы жауапты, күрделі міндет. Асыл да, ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жаңылмай пайдалануымыз жас ұрпақтың өз ұлты алдындағы міндеті болмақ.
Әр педагогтың алдына қойған мақсаты бүлдіршін бойына адамгершілік, имандылық, бауырмалдылық, қамқорлық қасиеттерді оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты қалыптастыру арқылы болашақта ел тізгінін ұстайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Әр тәрбиеші ұлттық тәуелсіздікті нығайтуда салауатты қоғам құруда, парасаттылық пен жауапкершілігі биік, бірлік пен татулықты қалайтын жас ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, ұлттық құндылықты оқыту үрдісінде пайдалануы тиіс. Саналы, білімді, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді құрметтейтін ұрпақ тәрбиесіне руханиятымызды, дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді, өнерімізді пайдалана отырып ұлттық тәрбие мен білім беруге аса мән беруіміз қажет.
Ұлттық құндылықтардан нәр алып, ата-бабаның рухани аманатын ертеңгі күнмен жалғастыратын, жеке тұлға болмысын қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі негізгі міндет болып отыр. Осы өркениетке қадам басқан еркін елдің өренін тәрбиелеу ұстаздардың үлесіне тиіп отыр.
Ұстаз тәрбиеші, өз білім беру ісінде рухани, мәдени дәстүрлерді сақтап, шығармашылық ізденісімен жұмыс істеп, жаңа технологияны меңгеріп, ұлттық төл, мұра-мұрағаттарды пайдалануы керек. «Балабұлақ» деп халық айтқан нақыл сөз бар. Сол себепті жаңа буынға ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін ең бірінші тілді меңгерту кажет. Өзінің ана тілінсіз халық ұлт бола алмайды. Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттық рух, намыс, тілі мен мәдениетін жас ұрпақ бойына сіңіру баршамыздың парызымыз.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты білім мен жан-жақты тәрбие беру аса назар аударарлық саланын бірі екенін білуіміз керек. Мектепке дейінгі ұйымдарда жан-жақты тәрбиелеу арқылы, білім сапасын арттыру ең аса маңызды мәселе. Сонымен бірге отбасында да бала тәрбиесіне аса мән беру, мектепке дайындау бүгінгі танда кезек күттірмейтін мәселелердін бірі болып табылады.
Қазақ халқы ғасырлар бойына өзінін ұрпағына тәрбиенің үзіліссіз үлгісін жасап келеді. Қазіргі коғам мүддесіне сай жан-жақты дамыған, ұлттық психология, ұлттық санасы қалыптасқан азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың міндеті. Осындай міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, балабақшадағы тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға бағыт-бағдар сілтейтін басты құжаттар «Балбөбек», «Зерек», «Балапан», «Қарлығаш» бағдарламалары мен қатар Мектепке дейінгі жаңа білім беру стандарты болып табылады. Осы бағдарламалар мен МДЖББ стандарты бойынша тәлім-тәрбие мазмұны ұлттық қүндылықтар негізінде құрылып, тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру тәсілі қолданылады. Әр балаға жағдай жасап, денсаулығын жақсартын, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие, сапалы білім беру, ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңдіріп өсіру-біздің басты міндетіміз.
Өз тәжиірбемнен ұлттық құндылықтар негізінде құрылған, тәрбие жұмысында өткізген сабағымды ұсынып отырмын.
Тақырыбы: «Торсықты ботакөз оюымен әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларды әсемдік пен сұлулыққа баулу, өнерге деген құштарлығын ояту, талғам танымдырын арттыру, қазақ халқының ою-өрнектерімен таныстыруды жалғастыру. Оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, слайд түрінде.
Қолданылған көрнекіліктер: Торсық. . Сурет салатын ақ қағаз, қылқалам, шүберек, ою-өрнектер бейнеленген көрнекілік илюстрациялар. Слайд көрсету.
Сабақтың барысы:
Балалар ортаға шығып шаттық шеңберін жасайды.Күніміз шуақты болсын, Деніміз сау болсын. Тамағымыз тәтті болсын, Сабағымыз сәтті болсын!
Тәрбиеші :-Балалар, сендердің бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?
-Жақсы
-Ендеше осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
(Балалар орындарына отырады)
Қызықтыру сәті:
Сол уақытта топқа жолаушы адам кіреді: -Қайырлы күн балалар. Мен жахан кезіп, саяхаттап жүрген адаммын, жол жүріп талай қызықтар көрдім, көп жер жүріп шаршап қалыппын, біраз отырып демалайын.
Тәрбиеші:-Отырыңыз, мейірбан жолаушы, қонақтармен қонақ болыңыз!
Жолаушы:- Мына балаларды көріп қуанып отырмын, сендерге деген сыйлығым бар еді, бірақ алдымен қояр жұмбағым бар, сол жұмбақты шешсеңдер сыйлық сендердікі болады. Немесе кім көп мақал-мәтелде біледі?
Жұмбақ: Тас тостаған, тас тостаған,
Тостаған ішіне тас тастаған.
Шешуі: Торсық
Егер мақал-мәтел айтқан болса, жолаушы балаларға әдемі торсық сыйлайды.
Жолаушы:-Көп отырдым, жол жүретін уақытта болды, сау болыңдар балалар, қонақтар, апайы. Кездескенше күн жақсы-деп кетіп қалады.
Тәрбиеші торсықты қызықтап, балалар, қараңдаршы қандай әдемі торсық. (көрсеті, айтқызу, ұстатып көрсету) Сұрақтар қояды:
III Жаңа сабақ
1. Торсық не құюға арналған ыдыс?- торсықтың ішіне сұйық заттар құйылады, әсіресе: айран, қымыз, іркіт , щұбат, сүт құйылады
2. Қандай халықтар пайдаланған?-Орта Азия халқы: қырғыз, қазақ, түрік,қарақалпақ халықтары пайдаланған,торсық бұрыңғы ата-бабамыз пайдаланған ежелгі ыдыс.
3. Торсық ненің терісінен жасалады?- торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалынған
4. Торсықтың түрлерін ата?- Шимайторсық, жанторсық, мүйізторсық,өркешторсық тағы басқа торсықтар болады.
5. Торсық пішіні қандай болады екен? -Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойыны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Ауызына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойынына бекітіп қояды.Кейбір торсыққа ою- өрнек салынады.
- Жүні жидектелген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды.
Торсықтарға қандай ою-өрнек салуға болатынын тамашалайық (слайд көрсетіледі, оюлар жайлы) Жаңа оюымыздың аты- «Ботакөз» деп аталады. Ботакөз оюы бұл өрнекті көбіне кестеден, шиден тоқылған терезетордан, ағаштан, сүйектен жасалған нәрселерден көреміз.Ол жасалған затымыздың ортасында, шетінде, көк түсті, қызылқошқыл, қызыл, қара түспен боялғанда әдемі көрінеді.
Жұмыс барысы түсіндіріледі. Балалар жұмыс жасап жатқан уақытта «Ата толғауы күйі» ойналып тұрады.
Торсықтың ішіне ботакөз оюын саламыз. (ою суреті көрсетіледі)
«Ботакөз» оюы ботаның көзіндей мөлдіреген, геометриялық пішінде ромбқа ұқсас пішін. Жеңіл жағыс түрін пайдалану. Салған суретіміз әдемі, таза болу керек.
(Салу жолы: таяқшаны бояуға малып ромб пішінін торсықтың ішіне салу. (ақ түспен, ортасына екінші таяқшамен қызыл түсті дөңгелек салу)
Тәрбиеші: Балалар енді кішкене сергіп алайық: «сұйық , оюлар, ыдыстар» ойынының шарты» Мен оюлар дегенде әртүрлі қимыл жасап билейміз. Сұйық дегенде ағып жатқан өзен сияқты қимыл жасаймыз. Ал ыдыстар дегенде қол шапалақтаймыз.
Ойын: «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: Ұлттық ыдыс-аяқтардың көлеңкесі салынған . Балалар сол көлеңкеге сәйкес ыдысты тауып . қоюы керек.
Балалар жұмыстарын көрмеге апарып қояды.
Қорытындылау
-Бүгін торсыққа қандай ою түрін салдық?-Ботакөз оюын салдықОюдың пішіні неге ұқсайды?-Ромб пішініне ұқсайды. Ал оюды немен салдық?-таяқшалармен салдық.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Қазір сіздерге балалар дың сыйлықтар ұсынбақшы, көбелек ішіне алынған тәттілер сыйлау. Сабақты аяқтау.
Қолданылған әдебиет:
«Ұлттық құндылықтарды білім беру үрдісіне ендірудің кейбір мәселелері» «Ұлттық тәрбие-өркениетті қоғам құру жағдайында адам ресурстарын қалыптастыру кепілі» Сейсенбаева Ж.А
Әбдіғалиева Ғалия Мұқанбетжанқызы,
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
«Балдырған» бөбекжай бақша тәрбиешісі