Республика аумағының ауқымдылығы мен халықтың аз тығыздалуы, соңғы жылдары қол жеткізіліп отырған Қазақстан экономикасының жоғары даму қарқыны тасымалдаудың артып отырған қажеттіліктерін қалыптастыруда. Сəйкесінше, халық пен жүк ағымдарының қозғалысы шаруашылық аралық байланыстардың, экономикалық даму мен Қазақстан аймақтарының өзара байланысы аясында жылдан жылға мейлінше сұранысқа ие қызмет түріне айналуда. Экономикалық қызметтерінен өзге, көлік əлеуметтік қызметті де атқарады, туыстық, достық қатынастағы халықтың байланысын қамтамасыз етіп, демалысты, білім беруді, мəдени дамуды ұйымдастыруға қатысады жəне де түрлі əлеуметтік мəселелерді шешуге ықпалдасады. Жүк тасымалдарының 80%-дан астамы құрлықтағы көлік түріне келеді. Көлікке мемлекет аралық байланыстарды шешуде ерекше рөл беріледі. Олардың интенсивті өсімі жаңа, көлік кешенінің дамуына жоғары талаптар қояды, олардың жағдайына республиканың ішкі экономикасының дамуымен мемлекетаралық байланыстың даму нəтижелері байланысты. Өзіміздің табиғи географиялық артықшылықтарын қолдану мүмкіндігі Қазақстанның көлік жүйесін сəйкес халықаралық талаптар мен стандарттарға сəйкестендіруді талап етеді, бұл саланың жандандырылуына келу қажеттілігін меңзейді. Оған қоса, бұл жұмыстарды бəсекелестер артықшылықтарын қолданып кетпеулері үшін қысқа уақыт аралығында жүргізуге тура келеді, ол үшін ауқымды халықаралық тасымалдауларға баламалы қазақстандық көлік жолдары мен халықаралық талаптарға жауап беретін жүк пен жолаушылардың тасымалына қызмет көрсететін талаптардың дейгейін арттыру қажет болады. Осыған орай Қазақстанның қазіргі экономикалық даму кезеңі көлік кешенін дамытудың мүмкіндіктерін, міндеттері мен келешегін жоғары бағалаумен сипатталады. Қазақстандағы көлік кешенінің жағдайы отандық жəне шетелдік мамандардың ерекше назарларында, олар негізгі кемшіліктермен алаңдаулы. Олардыңішіндекөліктеқолданылатын ескірген технологиялар мен көлік қызметтерінің төмен қызмет көрсету деңгейі, халықаралық тасымалдаулардың қанағаттандырылмайтын ұйымдастыру мəселелері бар. Дамыған мемлекеттерде көлік ағымдарын тиімді ету себебінен табыстың үлкен бөлігін қамтамасыз ететін логистика, олардың өзара тиімді əрекеттесуі Қазақстанда дамудың алғашқы кезеңінде. Экономикалық дағдарыс кезі экономиканы құрылымдық қайта құруда маневрлеу мүмкіндіктерін төмендететін республиканың көлік кешенінің сəйкессіздігі мен мəселелерін анық көрсетіп берді. Сəйкесінше, дағдарыстың салдарынан елдің үкіметі мен аймақтардың басшылығы Қазақстандағы заманауи көліктің дамуы мен келешегіне аса назар аудара бастады. Мұны мақсаттар мен міндеттер негіздей түседі жəне де мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыруда оның жалпы жəне жеке өлшемдерін көлік кешенін кемелдендіру бойынша нақты міндеттер қарастырылған. Осы кезеңде саланың қайта құрылуы мен кейінгі дамуына байланысты жүргізіліп отырған жұмысқа сəйкес негізгі құжат «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарлама» болып табылады. Қазіргі таңда республикада жолдардың сапасымен байланысты күрделі мəселелер мен көлік кешенінің толықтылығын қамтамасыз ететін көлік құралдардын алмастырумен байланысты мəселелер бар. Мəселелер Қазақстан көлігінің қызмет ету тиімділігін дамыған мемлекеттермен салыстырғанда төмендетеді де жүк жəне жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін төмендетуге əсер етуге ықпалдасады. Өзінің сыртқы жағдайында көлік жүйесі Қазақстанның ауқымды аймағын жəне оның Үкіметінің республиканың экономикалық əлеуетін кейінгі дамыту бойынша зор жоспарларын ескере отырып экономиканың қажеттіліктерін толық қамтамасыздандыра алмайды. Қазақстанның көлік саласының дамуының келер кезеңінің міндеттері қызмет тиімділігінің артуын көлік инфрақұрылымының жаңа объектілердің салынуы, ағымдағы инфрақұрылымдардың жаңартылуын, тауар қозғалысының артуы мен көлік шығындарының азаюын, қауіпсіздіктің ұлғаюы мен сала қызметінің тұрақтылығы жəне де халыққа арналған көлік қызметтерінің қол жетімділігін қарастырады. Қазақстан көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытады, оған сəйкес елге жаңа техника мен технология келуде, халықаралық тəжірибенің енгізілуі жүзеге асырылуда. Инфрақұрылымды дамыту мен кемелдендіруге бағытталған мемлекетпен қарастырылған Бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, жаңа көлік объектілерінің құрылысы мен ағымдағы көлік жүйелерінің қайта жөңдеуіне мемлекеттік жəне жеке инвестициялар тартылуда.
Қазақстанның көлік кешені көліктің барлық түрімен берілген: теміржол, автомобиль, құбыр жолы (мұнай, газ, сутегі) жəне де су (өзен жəне теңіз) мен əуе жолы. Соған сəйкес республиканың көлік инфрақұрылымы автомобиль жəне теміржолдардың, өзен, құрлық жолдарының желілерін, көлік инфрақұрылымының көптеген объектілерін: вокзалдар мен бекеттер, əуежайлар, қызметтік кəсіпорындар мен көлік құралдарын жөндеу қызметтерін, көлік қызметкерлеріне қызмет пен жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтиды. Қазақстандағы көліктің əр түрі тасымалданатын жүктер мен тасымалдау қызметтерінің сипаттамасына байланысты өзінің тиімді қолдану саласына ие. Көлік кешенінің құрылымында теміржол мейлінше кең тарағаны болып табылады. Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді.
Республиканың ауыл, қашық жəне қиын қол жетімді аймақтарында қазіргі таңға дейін көлік-арбаны (аттар, есектер мен түйелер көлік құралы ретінде) қолданады. Мұндай көлік тек қана нақты бір үй шаруашылықтарында үлкен мəнге ие, тасымалдаудың мұндай түрі шаруашылық субъектілерінің экономикасында, ауыл жəне орман шаруашылығымен қамтылған салада, туризмде, құтқару қызметтерінде, қиын қол жетімді, таулы, шөл жəне орманды жерлерде кеңінен қолданылады. Көлік дамуының негізгі экономикалық даму көрсеткіштері ҚР статистика Агенттігімен есеп телінеді: қосылған құн салығы (ҚҚС), негізгі капиталға инвестициялар, жұмыспен қамтылғандар саны, көлік қызметкерлерінің орташа жалақысы. Саланың ауқымы мен тиімділігі тауарлар мен жолаушылардың тасымалдаулары жайлы, қозғалмалы құрамның саны мен жағдайы мəліметтерді сипаттайды.
Қазақстанның көлік кешенінің жетекші бағыттарын кемелдендіруін анықтау үшін, дамыған мемлекеттердің тəжірибесі бойынша жəне сала зерттеуінің нəтижелері бойынша қолданыстағы көлік желілерінің кешенді бағалауы мен қолдану тиімділігін талдау қажет. Бұл материалдар бастапқы ақпараттық аналитикалық негіз ретінде қызмет етеді, оның негізінде көлік жолдарының құрылымын тиімді ету аумаққа сəйкес жоспарымен жүргізіледі, еңбек өнімділігін арттыруда көлік рөлін олардың экономикалық əлеуетінің өсімімен, тиімді аумақтың дамуымен бағалау жүргізіледі. Көлік техникасының бұзылуы мен жиі істемей қалуы жөңдеу жұмыстарына шығындардың артуына əкеліп соғады.Көлік саласының дамуын қамтамасыз ету мен ел экономикасын жалпы арттыру үшін, көлік қызметтерінің тиімділігін арттырып, жаңарту үшін, көлік активтерін жандандыруға инвестициялар тарту үшін көліктік экономикалық үлгісін қайта қарап, саланың институтталған құрылымын кемелдендіру қажет. Көлік кешенінің техника-технологиялық жəне ұйымдастырушылық жаңартуды мақсатты үш бағытта жүргізу қажет: көліктік парктің қайта жабдықталуы; көлік инфрақұрылымын техника жəне техникалық кемелдендіру; логистикалық əдістерді, саланы басқару мен көлік компанияларын енгізу арқылы тасымалдарды ұйымдастыруды жетілдіру. Мұндай міндеттерді жүзеге асыру үшін көліктің барлық түрлерін кешенді жəне бағытты түрде дамыту қажет жəне де құрылыстың, жөндеу мен жолдарды салудың кешенді жоспарымен ұзақмерзімді жоспар негізінде көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту қажет. Негізгі мəселе көлік инфрақұрылымын қаржыландырудың тұрақты көздері мен жеткілікті көлемін қалыптастыру болып табылады (мемлекеттік инвестицияның артуы мен жеке инвестицияларды тарту). Үздік көлік желісі бар дамыған мемлекеттердің шетелдік тəжірибесі, бəсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымының дамуы, ең алдымен, жол құрылысы инновациялық материалдар мен технологияларды қолдану арқылы жүру қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан бұған орай экономикалық жəне көлік байланыстарының көп векторлы даму бастамасын жүзеге асырады, ол мемлекеттің сыртқы əлеммен байланыста экономикалық жəне саяси мүдделерінің тепе-теңдігін қолдауға мүмкіндік береді.
Əдебиеттер
1 Программа по развитию транспортной инфраструктуры в Республике Казахстан на 2010-2014 г. – Астана, 2010. 2 Постановление Правительства РК № 303 «Карта индустриализации Казахстана на 2010 – 2014 годы» от 14 апреля 2010 года – 3 Стратегический план развития Республики Казахстан до 2020 г. от 01.02.2010 г. №922. – 12 с. 4 Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 г. – Астана, 2006. – 14 с. 5 Можарова В. Транспорт в Казахстане: Современная ситуация, проблемы и перспективы развития. – Алматы, 2011. – 214 с.
Мырзабек Маралбек Ашимбекович,
Жол-көлік колледжінің
арнайы пән оқытушысы