Home » Мақалалар » Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

 

 

 

 

 

«Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы»

Әбу Насыр әл-Фараби

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші – білім беру мекемесі. Сондықтан да халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жал­ғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек.

«Елiмiздiң ертеңі – бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бiлiмдi, жан-жақты, қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде педагогтардың да еңбегі зор.

Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге атсалысу –жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану – оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретерi сөзсiз.

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеуді бүгінгі күнге жеткізді.

Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлерімен, озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.

Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, ұлттық тәрбиені балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн деп ойлаймын.

 

 

Алмагүл Нариманқызы Дакишева,
№10 «Балапан» бөбекжайының әдіскері,
Орал қаласы, БҚО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.