Home » Балабақша » Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі

Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі

 «Елiмiздiң ертеңі – бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор.
Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi бөбекжайымыздың алдында тұрған басты мiндет тәрбиеленушілеріміздің ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, олардың бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiру, яғни тәрбие беру .
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша биылғы 2018-2019 оқу жылында Орал қаласының білім беру бөлімінің 29.08.2018 жылғы №259-Ө бұйрығына сәйкес, біздің бөбекжайымызда «Бөбекжайдағы ұлттық ойын түрлерінің жаңа бағыттары» тақырыбында үш жылға арналған тәжірибелік алаң ашылды. Осы бағыт бойынша тәжірибелік алаң жоспары құрылып, жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі-насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша, оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып, ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып, қажымай еткен еңбектің арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі тұлға шығарына сеніміміз мол.

Меңдігүл Төлеқызы Мұқанова,
БҚО, Орал қаласы.
№38 «Жазира» бөбекжайының директоры

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.