«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұрасы ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтатын, еліміздің мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын ұлттық мәдениеттің маңызды бөлшегі әрі сана-сезімнің тірегі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 17 қазандағы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» Халықаралық конвенциясына (одан әрі — Конвенция) қосылуы еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын қорғау, насихаттау және дамыту бағытындағы жұмысының тиімділігін арттыруға негіз болады.
Материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту жөніндегі тұжырымдаманы (одан әрі — тұжырымдама) қазақстандық қоғамның сана-сезіміне және ұлттық, мемлекеттік бірліктің нығаюына терең әсер еткен «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыруға болады. Осы бағдарлама аясында ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Таңбалы шатқалындағы петроглифтерді зерттеу және қайта жаңғырту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ендігі кезекте материалдық емес мәдени мұраларды қорғау бағытында да осы тәрізді жұмыстарды жүргізудің уақыты келді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады.
Көне тарихи жер Қазақстанда 25 мың тарихи, мәдени ескерткіштер болса, соның 10 мыңнан астамы Маңғыстауда.Маңғыстаудағы мұражайлардың, қорықтар мен туристік фирмалардың қызметкерлері үшін өз қаласымен бүкіл облыс – ашық аспан іспетті. Олардың отаншыл, ілгері дамытушы, қазіргі заманға сай басқарушы ретіндегі мақсаты – өлкені белгілі туристік орталыққа, көпшілік ұнатқан демалыс орнына айналдыру.
Мұнда Қазақстан, Франция, Нидерланд шеберлерімен біріккен жұмыстар жұртшылық назарына ұсынылады. Маңғыстау облысы еліміздегі табиғи теңіз жағалауы бар бірден-бір өңір. Мұнда тарихи-мәдени ескерткіштер шоғырланған.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Кендірліні дамытуға айрықша назар аударылуда.
Қазақ даласы – қымсынбай көрсетіп, ұялмай жарнамалауға тұратын мұралар мекені, Маңғыстау – теңіз жағасындағы сары алтын құмы, жайлы жағалауы бар демалуға қолайлы өңір. Бұл елімізде туризмнің дамуына мүмкіндік бар екендігін аңғартады, бірақ бұл салада бізді үлкен жұмыстар, тың бастамалар күтіп тұр.
Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық оқиғалы, тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір.
Батыс Қазақстан – бұл екі құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқан 4 облыс: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан. Осында планетаның ең төменгі екінші нүктесі – Қарақия ойпаты орналасқан. 2000 жыл бойы Маңғыстау жерінің аумағынан Ұлы Жібек Жолы кесіп өтті. Қазір енді бұл туристік қызықты бағыт-бағдарлардың бірі. Оған қоса, Батыс Қазақстан саяхатшыларды балық шаруашылығымен, аң-құсы мол саятшылыққа қолайлы жерлерімен, су спорты түрлерінің дамыған инфрақұрылымдарымен қуантады.
Шақпақ — Ата жер асты мешіті. Бұл – осы аймақтағы ең ежелгі сәулет ескерткіші. Мешіттің барлық сәулет құрылысына қарағанда, Шақпақ – Атаның X ғасырдан бұрын салынған.
Маңғыстау аумағынан 2000 жыл бойына Ұлы Жібек Жолы өтті, қазір бұл өте қызықты туристік бағдар. Үстірт қорының түрлі жануарларымен бірге бірегей жер бедері, бірегей табиғат ескерткіштері мен тарихи және мәдени ескерткіштерінің көптігі, Каспий жағалауының әсем орындары әлеуетті турист үшін үлкен қызығушылық тудырады.
Маңғыстау облысының ең тартымды туристік бағдарларының бірі Ұлы Жібек Жолы бойымен саяхат, ол Маңғыстаудың бүкіл аумағынан оңтүстіктен солтүстікке, әрі қарай солтүстік батысқа, Үстірт даласы, Шетпин қақпалары арқылы Каспий жағалауына келген. Осы жерде керуен сарайлар, шағын қалалар: Сарташ, Алта, Кетік сақталған. Аңызға бай қасиетті тау Шерқала, ал одан жақынырақта — Шыңғысхан ұлы Жошының қорған орны. Осы мекенде тарихи — сәулеткерлік ескерткіштер көп: шыңнан қашалған Бекет Ата, Шақпақ Ата жерасты мешіттері және Есет Батырдың мемориалдық кешені.
Ақтау жақын маңда Форт-Шевченкодан 35 шақырым жерде Тамшалы атауымен жәннат бұрышы орналасқан.
Маңғыстаудың киелі жері – тек қана қазба байлықтары емес, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының ішінде Маңғыстау ескерткіштерінің алатын орны ерекше. Маңғыстаудың ескерткіштерін діни сәулет, азаматтық сәулет, тарихи, табиғи, монументтік, археологиялық ескерткіштер тобы құрайды. Аталған ескерткіштердің уақыттары тас ғасырынан бастап, қазіргі заман кезеңдерін қамтиды. Маңғыстаудың тас сәулет өнері туындыларының бүкіл Еуразия құрлығында қайталанбауы қазақ халқы ғасырлар бойы жасаған сәулет ескерткіштерінің өте ерте заманнан тамыр тартатын ерекше құбылыс екенін айғақтай түседі.
Менің айтқым келіп отырғаны, Батыс Қазақстан, соның ішінде Маңғыстау облысы табиғи, мәдени және тарихи нысандарға бай. Сондықтан бұл мекенде туристерді қызықтыратын жаңа бағдарламалар ойлап табуға болады. Тарихи ескерткіштер, мәдени құндылықтарды алдымен өзіміз бағалай білсек, келесі ұрпаққа бұл мұраларды сақтап қалуымызға болады. Тарих – ол шексіз дүние, сондықтан, ағайын ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайық ешқашан!
В.Ж. Жолмухамбетова
№9 орта мектеп
тарих пәні оқытушысы
Жаңаөзен қаласы