Home » Мақалалар » Ұлттық рухтың негізі- ұлттық тіл!

Ұлттық рухтың негізі- ұлттық тіл!

«Рухсыз халық өмір сүре алмайды. Рух көбіне ұлттық сипатта болса, ал «ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл»
 Мұстафа Шоқай 

 

Еліміз тілдік саясатта оң нәтижеге қол жеткізе алады. Бізді дара әрі сара жолға бастаған Елбасымыз, қайсар рухты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ мән-мағыналы «БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ- БАҒДАР, РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласын оқып, ой түйген едім. Қазақ ұлты, кешегі бір замандарда әлемге түркілік мәдениеттің не бір асыл үлгілерін жасаған көк түріктердің  қара шаңырағы қалған қазақ жерінде өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтарының бірі болып саналады. Тәуелсіздік жариялаған егеменді ел болғалы, болашақта өркениетті ел боламыз деп алдымызға таудай мақсаттар қойдық. Егер ертеңімізден үлкен үміт күтетін халық екендігіміз рас болса, ұлттық жаңғыру жолына түсуіміз керек деп ойлаймын. Біздің елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алу құқына ие. Қазақстандық демократияның айқын көрінісі — еліміздегі әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлеуі. Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз.

Мемлекет ана тіліміздің дамуын бірінші сатыға қоя отырып, үш тілді үйрену саясатын жүзеге асыруда. Сондықтан үш тұғырлы тіл арқылы, еліміз тілдік саясатта оң нәтижеге қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытылуда. Бұл, өте дұрыс жоба. Өйткені жастайынан бала үш тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына үлкен мүмкіндік туады. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Сөз соңында айтарым, біз әлемді мойындататын Ұлы халық болып, мәртебелі орнымызды табуымыз үшін Ел үшін, ұрпағымыз үшін қызмет етейік, сыбайлас жемқорлықпен күресейік, тарихымызды оқып, Ұлы тұлғаларымызды қастерлейік демекпін.

 

Айтбай Жансұлу Айтбайқызы
Түркістан облысы, Кентау қаласы
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.