Home » Бастауыш » Ұлттық ойын – халық мұрасы

Ұлттық ойын – халық мұрасы

2018 жылдың қаңтар айының 31-ші жұлдызында №56 қазақ орта мектебінің 2 «а»-сыныбында Тасжанова Нәзираның ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын –халық мұрасы» тақырыбындағы жоспарлы ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып жарыс түрінде көрсетіп қызығушылықтарын арттыру. Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезінде сыныпты үш топқа бөліп алды. І топ — «Ептілер». ІІ топ — «Мергендер», ІІІ топ — «Күштілер». Мұғалім ребус шашау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарып алды. Балардан ұлттық ойын түрлерін сұрады. Мұғалім ұлттық ойының маңызына тоқталды. Ұлттық ойын арқылы- жүгіру, иілу, секіру, дәлдікке үйрену, денесі қимылдап ми тынығады, көз жанарын жетілдіруге, қол, дене, бұлшық еттерінің жақсы дамуынаәсерін тигізеді, дәлдікке, ұстамдылықпен байсалдылыққа ептілікке үйренеді, байқампаздық, санау. Жүйке жүйелерін шынықтыратындығын түсіндірді. Бейнежазба арқылы ұлттық ойындардың қалай ойналатындығын көрсетті. Топтық жұмысқа І топқа «Шеңбер сызық» (асық ойыны) ІІ топ. «Тауық күрес» ойны (бір аяғын көтеріп, иықтарымен қағып күреседі, аяғын нық басып орнықты жүруін жетілдіреді) ІІІ топқа «Арқан тарту» ойыны берілід үш топтың ойыншылары да ойынды өз дәрежесінде ойнап шықты.

Мұғалім осы ойындарды айта келе қазіргі таңда осы ойындардың ойналамай кетекенін және оның орынына ұялы телефондар немесе басқала кампютерлік ойындардың белең алап кеткене тоқталып оның зияндарын айтты Ұялы телефонның зияны – бас ауру, мидың бөлікиерінке кері әсерін тигізетіндігі, жүйке, ісік ауруларына шалдығатындығы, қан қысымы көтеріледі, құлақ ауруына шалдығады, есте сақтау көру қабілеті нашарлайды. Сабақты қорытындылауда «Микрофон» әдісі арқылы   қорытты. Балар өз ойларын ортаға салды. Не істеуге болмайтындығын айтты. Ыбырай Нұрбатиндер жүйелі ой айттй. Мұғалім өз сөзімен қорытындылап өтті. Сабақ өз мақсатына жетті.

Низанбаева Роза,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
№56 қазақ орта мектебі,
бастауыш пән бірлестік жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.