Home » Балабақша » Ұлттық ойын – бала денсаулығын нығайтудың кепілі

Ұлттық ойын – бала денсаулығын нығайтудың кепілі

Ұлттық тәрбиеден нәр алған, мәдени және рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ ертеңгі ел мақтаныштары. Адам өмірінің алтын арқауы саналатын ұлттық тәрбиенің тағы бір негізі ұлттық ойындарды жандандыру. Осының негізінде бала бойына патриоттық қасиеттерді қалыптастыру сол арқылы рухани құндылықтар, ізгілік нұрын бала санасына сіңіру жағы тағы бар.
Бүгінде физикалық жағынан ғана емес психологиялық тұрғыдан шынығуға оған қоса шыдамдылыққа , бір топта жұмыс істеуге машықтандыратын ұлттық ойын түрі асық ойыны кең тарап келеді.
Қатарынан  8 жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп келе жатқан «Алтын сақа» халықаралық турнирінің ұйымдастырылуы осы сөзімізге дәлел. Бүгінде есеп бойынша  ұлттық ойынымызбен айналысушы спортшылар санының 100 мыңнан асуы да асық ойының сұраныста екендігінен хабар береді.
Тәрбие бастауы балабақшаларымызда  да ұлттық ойынымызға кеңінен мән беріліп оны дәріптей білуінің өзі үлкен қуаныш..
12 сәуір күні Нұр –Сұлтан қаласы әкімдігінің №48 «Ақкөгершін» балабақшасында «Ұлттық ойын- бала денсаулығын нығайтудың кепілі» атты қалалық семинар өтті. Балабақша педагогтарының атқарып жатқан жұмыстарымен танысқан серіктес балабақшалардың тәрбиешілері әріптестерінен өздеріне қажетті тың мәліметтермен алды .
Семинарды  балабақша меңгерушісі Сәбиева Ұлжан Әбенқызы кіріспе сөзбен ашып, әдіскер Шамалова Бану Төкенқызы мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді әдістері және денсаулық сақтау кластері бойынша тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинарды жүргізді.
Белгілі бір залға баруды қажет етпейтін қара жерде ойнай беруге арналған асық ойыны жайлы толықтай  таныс педагогтар арасынан «Бес тас» ойынының түрлері мен ойналу жолдарын түсіндірген мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ташметова Азада Ержановна бұл ойынның 12 түрін тізіп көрсетіп ортаға шыққан әріптестеріне ойналу жолдары жайлы түсіндірді Балалық шағымыз еске түсті дегеннен бастаған қонақтар таспен ойналып жүрген бұл ойынды асықтар арқылы да ойнаудың қызықты жақтарын айтты.
«Тоқ-тоқ» ойынын ортаға алып шыққан ересектер тобының тәрбиешісі Абдукахарова Гулбахор Усеновнаға ойынға қатысқан әріптестері ізгі лебіздерін білдірді. Баланың есту қабілетімен қоса зейінін арттыратын қызықты ойын түрін бізде сабақ арасында  енді пайдаланамыз деген тәрбиешілер кездесті.
Ортаға арнайы 8 қырлы үстел алып шығып « Ханталапай» ойынын көрсеткен тәрбиешілер Казиева Нүргүл Науановна, Жанар Алиевна жылдамдықпен, зеректікке жетелейтін ойын түрін түсіндіріп, әріптестеріне ойналу жолдарын көрсетті. «Асық shapes» ойынында  Будумбаева Базиза Кашкеновна санау мен түс ажыратуға үйрететін ойын түрі әрі бала денсаулығына пайдалы массаж құралы екендігін де көрсетті.
Балабақша балғындарын қазақ күресіне баулып жүрген ҚР спорт шебері жуықта ғана Семей қаласында самбодан өткен ел чемпионатында күміс жүлдегер атанған дене шынықтыру нұсқаушысы  Сүлейменов Айбектің «Асық ату» ойынына шәкірттерін баулып жүргені тіптен қуантты. Шәкіртіне үйрету үшін әуелі өзі асық ату шеберіне айналған ұстаздың ізденісімен жауапкершілігіне мақтаудан өзге айтарымыз жоқ. Қапарова Айда Жексенбайқызының шәкірттерімен бірге көрсеткен «Асықтар биі» нағыз спорттың түрі болды. Әуенінің өзін қазақтың ұлттық ойынан арналған.
Балабақша шәкірттерінен құралған ансамбілдің орындауындағы «Келіншек» күйіне тайтұяқ орнына асық қолдана білген музыка жетекшісі Әбілбекова Арайлым Хамитовнаның еңбегін де айта кеткен жөн.
Аз уақытта созылған семинарға қаншама ойын түрлерімен қоса мәліметтері жазылған арнайы асық көрмесін  ұсына білген ұжымның жинақылығы мен әр бастаған ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауы нәтижелі жұмыстардан көрініп тұрды. Ізденіспен  ұжымдық береке-бірліктің арқасында асықтан жасалған оқу, ойын құралдары және барлық тәрбиешінің ұлттық ойын жайлы толық білетіндігі аталмыш тақырыптың тереңінен ашылуына түрткі болды. Осының барлығы педагогтарға шәкіртіне үйретер алдында өзін дайындай білуді ескертетін басшының талапшылдығы.
Семинарға арнайы  қатысқан сәулеті келісті «Алматы» балабақшасының меңгерушісі Анар Долдабекқызымен кластер жетекшісі № 7 «Аққу» балабақшасының меңгерушісі Айман Дахарқызының  ізгі лебіздері ұжымға шығармашылық күш сыйлады. Айман Дахарқызы тілге тиек еткен тәжірибе алмасу алаңына  айналуы тиіс семинарда өз жетістігімен қоса өзге балабақшалардағы жұмыс ортаға салынып педагогтар өзара пікір алмасса бірлесе жасаған ұжымдық жұмыстың нәтижесі  жүйелі болмақ. №16 «Шағала» балабақшасының меңгерушісі Гүлнәр Қалиасқарқызы да көп мәліметке қаныққан бұл күнгі семинарға өзінің жоғары бағасын берді.
Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам болса бұл ұжымның өзгелерден оқ бойы озық тұсы дәл қазіргі күні жанымызға қажет рухани азық болар ұлттық құндылықтарымызға басым бағыт бергендігі.   Ұлттық ойын түрлерін  арқылы ұрпақ санасына ұлттық болмысты сіңіре  білген ұстаздар еңбегіне тек сәттілік тілейміз.

 

Әлия Ғалымбекқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы, «Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.