Home » Балабақша » Ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту

Ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту

Мырзахметова А.М
№83 «Жансая» балабақша тәрбиешісі
Шомшекова А.А.
№83 «Жансая» балабақша музыкалық жетекшісі

 

Тобы:«Дарын» мектепалды даярлық тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, Музыка

Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.

Міндеті:

-Асықтың құрылымы мен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.

-Асық ойындарымен  таныстыра отырып балаларды 1-10-ға дейін тура және кері санап үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас ашық сабақ.

Көрнекілігі: асық туралы видео,әліппе дәптер, асықтар, сандар.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер, келесі жылы мектеп табалдырығын аттайтын боласыңдар. Еліміздің үлгілі азаматы болып өсулерің керек солайма балалар?

Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастайық.

Жылулық шеңбері
Сәлем, саған алтын күн!
Сәлем, саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!( Балалар өлең жолдарын қайталайды қимыл қозғалысты жасайды.)
Сәлеметсіздерме, қонақтар.
Өткенді пысықтау:
Балаларды орындарына отырғызып өткен сабақты пысықтау.
сандар мен цифрлардын айырмашылығын сұрау.
(Балалар тура және кері санап шығады).

Жаңа ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын «Али мен Ая» мультфильмінен «Асық» жайлы бейнеролик көрсетумен бастайды.

Қызықты сәт:

Есікті қағылып ортаға Али мен Ая қонаққа келеді.

-Сәлеметсіңдерме достарым.

-Мен сендердің асықпен танысып жатқандарыңды естіп, қуана қонаққа келдім. Асық — біздің ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Асықты біз төрт түлік малдан аламыз.

Асықпен ұлттық ойынның бірнеше түрі ойналады.

Асықтың жатыс түрлерімен таныстырады.

-Балалар біздің қобдишамызда не барын екенін білесіздер ме? (Қобдишада қанша асық бар екенін бірге санайды.)

Ортаға бір бала шығып, көрсетеді.қобдишаның ішінде асық және түрлі тапсырмалар бар.

Сол тапсырмаларды, балалармен бірігіп орындайды;

-Али мен Аяның қолындағы асықтарлы салыстыру;

-Асықтарды кему ретімен орналастыру.

-Үлкен асықтардың санын анықтау.

Кіші асықтардың санын анықтар санап шық. (Балалар сұрақтарға жауап береді. Тура және кері санайды).
Бұл асықтың пішіні тік төрт бұрыш. Бұл асықтың төрт бұрышының төрт түрлі атауы бар. Алшы, тәйкі, шік, бүк деп аталады.балалардан қайталап сұраймын.Бұл асықты музыкалық аспап ретінде де пайдалануға болады. Балалардың назарын әліппе дәптерге аударамын. Дәптермен жұмыс 4-тапсырма: әр түрлі пішіндегі тор көздерді санап түрлі түсті қаламдармен бояп шығамыз.«Сан және Санау» жұмыс дәптері бойынша жұмыс жасау.
1-тапсырмамен жұмыс сурет бойынша жұмыс. Суреттегі велосипедпен жүргіншілерді санату. (Балалар санап береді.)
2-тапсырма велосипедтерді кему ретімен санап сандар жапсырмаларын жапсырып шығу.( Балалар суретпен жұмысты орындайды)
3-тапсырма қаламмен үзік сызықтарды бастырып жазу.

Сергіту жаттығуы:Әр балаға екі асықтан беріліп, тәйке жатысында ұстап, әуенге қосылып музыка жетекшісінің көрсеткен қимылдарын жасайды.

Асыққа қайта оралу. Үлкен кішісін балаларға ажыратып айтқызамыз.Тура және кері санытып сабақты қортындылаймыз. Али мен Аяны шығарып саламыз.
Ойын «Асық ату»
балалардан геометриялық пішіндерді сұраймын. Сол пішіндердің ішіндегі шеңберді пайдаланып ойын ойнайық. Ойын шарты: ортаға шеңбер сызылады бұл шеңбер қақ ортасынан екіге бөлінедісызық арқылы сол сызықтарға асықтар тізіліп қойылады, қойылған асықты шеңберден алшақтау тұрып атып шеңбер сыртына шығару керек. Қане төрт баладан шығып ойнап көрейік. Топтағы барлық ұл балаларды қамтып ойынды өткіземіз.

Асықты музыкалық ұрмалы аспап ретінде музыка жетекшісі домбыра аспабында, Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» атты әнін орындайды.

Қорытынды: Балалар біз бүгін немен таныстық?(Асықпен). Асықты қайдан алады екенбіз?(Төрт түлік малдан). Асықтың пішіні қандай екен?(Төрт бұрыш және тік төртбұрыш) Асықтың қандай бөліктері бар екен?(Шік, тәйкі, бүк,алшы) Асықты басқа не үшін пайдалануға болады екен? (Музыкалық ұрмалы аспап ретінде пайдалануға болады)

Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандарды тура және кері санап білді, асық жайлы түсініктері қалыптасып оның құрылымымен танысты. Асықпен ойналатын ойындармен танысты.
Игерді: Асықты төрт түлік малдан алынатынын білді. Музыкалық аспап ретінде де пайдалануға болатынын білді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.