Home » Балабақша » Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

 Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге — жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Ұлттық ойындардың қайсысы болмасын, мазмұны жағынан балаға әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің ой-өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп білуіне  ықпал етеді.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып табылады.  Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл- күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтың намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа жету талпынысы айқын қамтылған.

Ұлттық ойындардың қайсысы болмасын, мазмұны жағынан балаға әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің ой-өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп білуіне  ықпал етеді. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады:  «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Тақия тастамақ», «Күш сынасу», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Орамал тастамақ». Бұл ойын түрлерін балабақшамызда кеңінен қолдануға тырысамыз, себебі халқымыздың мұраларының бірі ұлттық ойындар жас ұрпаққа аманат болып қалады. Бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым — қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан — ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.

Сыдыканова Шынар Кадырмоллаевна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.