Home » Балабақша »       Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіне септігі

      Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіне септігі

Қазақ халқы ежелден жас ұрпақтың сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отырған.
Ұлттық тәліммен өнегенің ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы – ел мүддесі, заман талабы.
Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Сондықтан, ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің тиімді жолы, тәрбие құралы екендігін дәлелдейді.
Осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік-жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты, ана тілін, ата-баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар. Себебі, ұлттық ойындар бағзы заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған.
“Ел болам десең, бесігіңді түзе” дейді атам қазақ. Болашақтың іргетасы саналатын бала алдымен отбасында, содан кейін мектепке дейінгі мекемелерде, одан соң мектепте қалыптасатыны бәрімізге белгілі. Осы кезеңдегі балғындардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады.Ойын  жәй ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің артуы ойынға тікелей тәуелді.
“Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, гер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгі жабайы болып қалар еді” деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауында терең шындық, үлкен мағына жатыр. Адамзатты балаларсыз елестету қанша мүмкін болмаса, балаларды ойынсыз елестету соншалықты мүмкін емес. Ойын балалар үшін өмірмен тең. Сондықтан да ойынның тәрбиелік қуатымен теңесер күш жоқ. Ол – халықтың сандаған жылдар тәрбиесінің нұр сіңген педогогикалық даналығының жемісі. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату ісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.
Үлкендердің мейірімділігі сәби жүрегін қуанышқа бөлейді. Үнемі мейрім мен ықыласқа бөленген сәбидің мінезі жұмсақ, қайырымды, кішіпейіл болып өседі. Қатал мінез айналасындағылардың  қатігездігінен  пайда  болады. Сондықтан  неғұрлым  жақсылыққа меңзейтін  ұлттық  ойындар  қоғамның  даму  заңдылықтарына  сәйкес  әр кезеңде жетілдіріп отырылады. Балабақшаның әр тобындағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұлттық ойындардың тәрбиелік  мәні  жайлы мәселе  өз  құндылығын жойған жоқ, керісінше  жаңа қырынан көрініп  отыр.



Ратова Бибигул
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.