Home » Мақалалар » Ұлттық мұражайға саяхат

Ұлттық мұражайға саяхат

Күн жексенбі.
Осы демалыс күнімді өзімнің 1 «Ә» сынып оқушыларыма арнадым. Яғни балаларымның Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхатқа шықтық. Өйткені қазіргі бала ,болашақ ел тірегін тәрбиелеу..
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды.Мұражай «Мәдени мұра» дей отырып ата аналар сынып жетекшінің сөзін бір ауыздан қолдады.
Яғни бұл ата-аналардың тарихқа деген дұрыс ұстанымы. Тарих арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге осындай саяхатқа шығудың көп әсері тиетінін айта аламын.
№13 орта мектеп алаңына оқушыларым мен 5-6 ата аналар бірден жиналдық.
Балалардың көңілдері өте көтеріңкі, көздерінен қуаныштың сезімдерін байқадым.
Ата-ана көмегімен алынған көлікте зымырап келіп жетті. Бәріміз бір адамдай сол автобусқа отыра кеттік. Ұлттық мұражайға бет ала жүрдік. Балалар мәз-майрам болып, өз ерктерінше «Ұстазым» әнін шырқап айта жөнелді.

  Мұражай қызметкерлері үлкен ілтипатпен, күлімдеп қарсы алды. Мұражайға кіре көгілдір аспанды және сол аспанда қалықтаған алтын қанатты самұрық құсты  байқады.
Көгілдір аспан қазақ елінің бостандығы мен бейбітшілігін білдіретінін айтты. Одан әрі ежелгі тас,қола дәуірі т.б дәуірлер туралы айта бастағанда кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз таң-тамаша болды. Әрине олар сөздердің мағынасын түсінбеседе, ежелгі адамдардың үңгірде тұрғаны, тұрмысы, аңшылық құралдарын  айтып түсіндіргенде балалар сондай қызығушылықпен таңданды.
Одан кейінгі еліміз-тарихын айта келе үш жүздің басын біріктірген  «Абылай хан» туралы да айтылды.
Тәуелсіздігіміздің арқасында бүгінгі күні  жетістігіміз орасан зор.       Бүгінгі бала, ертеңгі дана. Елбасымыз айтқандай : «Тарихы мен тілін білу, әр қазақстандықтың борышы».Кішкентай жүректеріне , еліне , жеріне, тіліне, кешегісі мен бүгініне  құрмет, махаббатпен ояту, келешекте білімді де,тәрбиелі азамат-азаматшалар тәрбиелеу біздің міндетіміз. Рухани азық алған осы демалыс күніне  «Рухани жаңыру кезінде, рухани байып келдік» деп ата -аналарда алғысын жаудыруда.

Бекжанова Меңсұлу Окешовна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№13 орта мектеп
1 «Ә» сынып жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.