Home » Жаңалықтар » ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ — АДАМ КАПИТАЛЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ — АДАМ КАПИТАЛЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

 

        2017 жылдың 1 наурызы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай «Ұлттық идея — адам капиталы дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауының төртінші басымдығы – «Адами капитал сапасын жақсарту» жолдарын жан-жақты зерделеу.

Институттың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысқан шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.Қ.Ауелгазина ашып, 1 наурыз – Алғыс айту және «Нұр Отан» партиясының құрылған күнімен құттықтады.

Өз сөзінде Т.Қ.Ауелгазина Елбасы Жолдауының төртінші басымдығына ерекше тоқталып өтті. Ол  Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауындағы экономикалық өсу, ақпарат алу үшін тәуелсіз іздену, сыни ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, IT-білім, қаржылық сауаттылық және жастар бойында патриотизмді қалыптастырудың орталық элементі болуы тиіс деп айқындалған білім беру жүйесіне елеулі назар аударды. Сонымен қатар, Елбасы идеясы қалалық және ауылдық мектептер арасында білім сапасы тұрғысындағы алшақтықты азайту қажеттілігі – біздің мекеме ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырумен айналысатындықтан «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» қызметімен тікелей байланысты.

«Елбасының Жолдауында басты адресат – адам. Өйткені, адам капиталы – негізгі байлық. Адам капиталы болмаса, мемлекет дамымайды. Ғылыми прогресті, тілді, ғылымды дамытатын – адам баласы. Жолдауда білім жүйесін жаңарту бойынша нақты міндеттер қойылған», — деп Т.Қ.Ауелгазина сөзін қорытындылады.

Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы А.Сариев  қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы, мемлекет тарихындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлінің елеулі екендігін атап өтті. Оның пікірінше, бүгінгі  таңда біздің елімізде жастарды оқыту және тәрбиелеу үшін, азаматтардың кәсіби тұрғыда өсуі үшін қолайлы жағдай жасалған.

Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі кафедасының  меңгерушісі,          ф-м.ғ.к., доцент Ә.П.Мұстафаевтың ойынша елімізде адам капиталының дамуы ел әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, азаматтардың кәсіби тұрғыда өсулері үшін барынша қолайлы ахуал туғызу шарт. Екіншіден, білім мен инновацияларға негізделген экономиканың дамуы, жоғары технологияны әрі ғылымды қажет ететін өндірістерге көшу үшін жағдайлар жасалуы қажет. Сонда ғана еліміздегі адам капиталын дамыту ісіне серпін бере аламыз.

Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі кафедасының  аға оқытушысы Л.Ж.Орманбекова: «Қазақ тілі өзінің үстемдігін сақтайды және оның әрі қарай дамуына сөзсіз көп көңіл бөлінеді. Ал бүгінде, дамыған елдермен тең тұруымыз, ұлттық прогреске қол жеткізуіміз үшін ағылшын тілін меңгеруіміз қажет», — деп үш тілде білім беруге бірте-бірте өту мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан халқына арналған Елбасының ағымдағы Жолдауы –республиканың әрбір азаматы үшін маңызды оқиға. Бұл бағдарламада көрсетілген нақты практикалық мәселелер барлық қазақстандықтарға, әсіресе, ең алдымен мына біздерге, педагогтарға тиісті»,- деп Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.А.Отарбаев айтты.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Ә.Ибрагим бағдарламалық құжатта алдағы уақытта мемлекетіміздің даму бағдарын айқындайтын барлық басымдықтар көрсетілгендігіне тоқталды. Сонымен бірге, Ұлт көшбасшысы тұжырымдаған ең маңызды басымдықтардың бірі — адам капиталының сапасын арттырудағы өзекті міндеттерді жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясының маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Р.Ұ.Арзиев қазіргі кезеңде Елбасы басшылығымен елімізде білім және ғылым алдыңғы орында тұруы тиіс екендігін баса айтты. Осыған байланысты, білім мазмұнын жаңарту жолында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру өте маңызды шарт болып табылады. Адам капиталы сапасын арттыру үшін отандық білім беру деңгейін халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру қажет.

 

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»,
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі
бөлімінің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.