2017 жылғы 13 мамырда М.Катаев атындағы оқушылар сарайында 7-13 жастағы 200 аса бала қатысқан Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымының кастингі өтті.
Кастинг нәтижелері бойынша Павлодар облысын конкурстың 2-маусымына Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі, №8 мектептің 6-сынып оқушысы Анастасия Михайлюк ұсынылатын болады. Аталған конкурста Настяның тәлімгері қазақстанның атақты әншісі Жұбаныш Жексенұлы болып табылады.
Анастасия бала кезінен шығармашылыққа еліктеп, мектептің «Волшебный сундучок» театрландырылған үйірмесіне қатысады. Бұдан басқа, ол Жанна Мейрамовна Карсенованың басшылығымен балалар шығармашылық үйінің «Мерей» вокальдық үйірмесіне қатысады.
Күзде әр облыстан 16 үздік бала дауысы, Ұлттық «Бөбек» орталығы – қазақстандық балалық шақ бесігі өз есігін айқара ашатын «Бала дауысы» музыка мектебінде оқытудан өтеді. Мұнда балалар сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік сабақтарын алады және Конкурстың финалдық бөлігіне дайындық жүргізеді.
2017 жылғы 27,28,29 қазанда «Алматы» мұз аренасы сахнасында аса күрделі Супер-финал өтеді.
«Бала дауысы-2017» жеңімпазын кәсіби қазылар алқасы және СМС-дауыс беруге қатысатын телекөрермендер ұсынуға құқылы.
Біз Настяға сәттілік және Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкаяның жеңіске жетуін тілейміз.