Home » Жаңалықтар » Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының 2-ші маусымы бастау алды

Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының 2-ші маусымы бастау алды

2017 жылғы 12 мамырда Павлодар қаласының, Естай атындағы мәдениет сарайында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы бастау алды.

Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  өтеді.

Байқаудың негізгі мақсаты — біздің көпұлтты елімізде тұратын халықтардың тілдерінде, балаларға арналған жаңа әндер арқылы балалар музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оқытушыларға  әдістемелік көмек көрсету.

«Бала дауысы» байқауының ашылуына арналған қайырымдылық концерті, 13 мамырдан 29 қазанға дейін созылатын республикалық шығармашылық марафонның бастауы өтеді.

Мәдениет сарайы сахнасында кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келетін бірінші маусымның 23 финалисті өнер көрсетеді.

Байқаудың 2 -ші маусымы Павлодар қаласында бастау алғаны кездейсоқ емес кішкентай павлодарлық жұлдыздары Мария Затварницкая және Мерхат Жылқыбаев «Бала дауысы — 2016» бас жүлдесінің иегерлері болып табылады.

13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған «Бала дауысы» жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Әр қатысушыға естелік сыйлықтар мен жобаға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Ал, музыка пәні мұғалімдеріне арнайы балаларға арналған жаңа ән жинақ тапсырылады. Іріктеудің ең жарқын сәттері 2-ші қыркүйек пен 21-ші қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде, жобаның ақпараттық серіктесі — КТК арнасының эфирінен көрсетіледі.

Күз айында еліміздің үздік 16 дауысы «Бала дауысы» ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек» Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды.

27, 28 және 29 қазан күндері «Алматы Арена» мұз сарайында байқаудың Супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау финалисттерінің қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Барлық 16 финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.