Home » Мақалалар » Ұлтжандылық – ұлық сезім

Ұлтжандылық – ұлық сезім

Ата бабамыздың ғасырлар бойы көзінің қарашығындай сақтап, бізге қымбатты мұра ретінде жеткізіп кеткен салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын, адами құндылықтарын, қысқасы, ұлттық атрибуттарын жас ұрпақтың бойына сіңіре алсақ, бізге одан асқан бақыттың қажеті шамалы. Өйткені, біздің келешекте қандай ұлт болатындығымызды айқындайтын да, ата-бабамыздың ақылманды, көргенді, данышпан, білікті де білімді екендігін адамзат алдында дәлелдейтін де – келер ұрпақ. Ендеше, солардың ұлтжандық болып, қалыптасуын осы бастан неге ойламасқа? Ойлағанда да жеке пікірмен шектелмей, бүкілхалықтық игілікті бастамаға неге айналдырмасқа? Өткен тарихымызды ұмытпай, бүгінгі тарихпен байланыстыра білсек, біздің ұтарымыз көп болатындығы баршаға белгілі.

Ең алдымен мектеп, мектеп емес-ау, балабақша  қабырғаксынан бастап жеткіншектерге ұлтжандылық, отансүйгіштік, бауырмалдық, достық сезімдерін түсіндіріп, оларды ұлттық қасиеттерге баулу әрбір тәрбиешінің, мұғалімнің ғана емес, ата-ананың да адамдық парызы деп білеміз.

Сөз жоқ, ата-бабаларымыздың рухани құндылықтарын өткен тарихымызды шынайы тұрғыдан дұрыс бағалауға, орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде тимді пайдалануға таптырмайтын құрал. Ата- баба мұралары негізінде жеткеншектерге тәлім-тәрбие беру – олардың отансүйгіштікке, өз халқына деген зор сүйіспеншілікке, жоғары дәрежелі мәдениетке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияты қасиеттерге баулиды. Сол себепті де тәрбиелеу міндетін үнемі басты назарда ұстаймыз. Өйткені, ананың ақ сүтімен, әкенің қанымен, айналасындағы адамдардың адал сезімімен тәрбие көрген ұрпақ ешқашан да өзінің ұлттық нәрінен айырылмайды. Ал ұлттық нәр бар жерде, халықтың алып бәйтеректей жайқалып өсе берері даусыз.

Шүкір деп айталық, Кеңес өкіметі орнағанға дейін, кейін КСРО кезінде де орыс империясының ықпалымен тілінен, ділінен, дінінен айрыла бастаған Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері біртіндеп ұлттық құндылықтарына оралып келеді. Тіл де, дін де дами түсті. Бұған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қамқорлығы себеп болды деп толық айта аламыз. Орыстарда «Мәскеу бір жылда Мәскеу болған жоқ» деген нақыл бар ғой. Сол айтқандай, азаннан кешке дейін отырып алып,ауызды құр шөппен сүртіп, жылай беруге болмайды. Өшкеніміз жанып, жоғалтқанымыз табылып жатқан жоқ па ? Арандатушыларға, «Аттан!» салушыларға, дүрлігушілерге ерудің еш қажеттілігі жоқ. Уақыт бәрін орнына қояды. Ұлтымыздың жүрегіне түскен рухани жара да жазылар деп сенеміз.

Республикадағы қазағы аз тұратын қаланың бірі – Қарағанды. Десек те,соңғы жылдары шахтерлер астанасының орта мектептері мен жоғары оқу орындарына ұлт жандылық мәселесі көтеріліп, өз нәтижесін көрсете бастағандай. Серпіліс бар. Жылы лебіз бар. Ынта мен ықылас бар. Ендігі керегі – ұйымшылдықпен жас Ата-бабамыздың   асыл мұраларын жастардың бойына сіңіру.

Қай елде болмасын, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс қалған емес. Осы бір ауыр да ардақты міндеттің бүгінгі таңда қоғымымыздың барлық саласында , соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Білім саласында мұғалім оқыту процесін, оның заңдылықтарын принциптерін пайдалана отырып, азаматтық тұлғаны тәрбиелеп, оның бойындағы ұлтжандылық сезімін зиялылыққа, мәдениетшілдікке ұластырса, нұр үстіне нұр болмақ.

Сейлбек Гүлзада Қуаныштайқызы,
№59» мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.