Home » Балабақша » Ұлпа қарлар

Ұлпа қарлар

Рашева Жанура Енсебековна,
Нұр-сұлтан қаласы, № 70 «Құлыншақ»
балабақшасының тәрбиешісі

 

Мақсаты: Қыс мезгілін әңгімелей отырып, ерекшіліктері ментаныстыру, түсініктерін кеңейту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Міндеттері: Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын байыту.
Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сергітусәті.Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күн біз үшін ерекше күн,өйткені бізге қонақтар келді
Сәлем сөздің анасы,
Сәлем сөздің данасы.
Орнымыздан тұрайық
Сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздерме!!
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін Қыс мезгілінің ерекшелігін толықтыру мақсатындағы ұлпа қарлар тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметін бастаймыз. Мына суретке назар салайықшы, сендер бір жылда төрт мезгіл бар екенін білесіндерме? Мына жерде көктем, жаз, күз, қыс мезгілдері бейнеленген,  Ал, бізде қазір жылдың қай мезгілі болып жатыр?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілі несімен ерекшеленеді?
Балалар: Қаржауады, аязболып, борансоғады.
Тәрбиеші: Балалар сендердің денсаулықтарың мықты болу үшін, қыстың шуақты күндерінде таза ауада көбірек серуендеп, ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
Балалар далада біз тоңбас үшін үстімізге қалың, жылы киімдерімізді киюіміз керек. Кәне қыстық  сырқы киімдерімізді атайықшы?:
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, жарайсындар. Осы тұстабіз «Сынарын тап» ойының ойнайық.
Тақтаға сынары жоқ қолғап, шұлық, бас киімнің суреттері ілінеді, балалар сынарын тауып, орнына іледі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді сергіту жаттығуын жасап алайық.
Терезені ашамыз,
Таза ауа жұтамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Біз шынығып аламыз.
Тәрбиеші: Балалар енді мынаҰлпа қарлар тақырыбыңдағы әдемі көрнісімізді аяқтау үшін сендердің көмектерін қажет.(Осы тұста дайындап қойылған заттармен ұжымдық жұмыс жасаймыз)
Балалар қысты күні қар қалай жауады? Сендер қардың жауып жатқаның көрдіңдерме? Кәне онда қардың жауғаның қолымызбен көрсетейікші. Жоғарыдан төмен қарай қардың себелеп жауғаның көрсетеміз.
Тәрбиеші: жарайсындар балалар енді ғажайып қыстың бейнесі шығу үшін мына ұлпа қараларды жабыстырайық.
Жарайсындар балалар, бейнеміз енді өз сәніне келді. Рақмет сендерге.
Қортынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Қыс мезгілі. Қыс мезгілі несімен ерекшелінеді екен? қаржаууымен, күннің суық болуы мен ерекшеленеді.
Балалар сендерге сабақ ұнадыма? Ия, бүгінгі сабағымыз маған да ұнады, үйткені сендер бүгінгі сабағымызға белсенді атсалыстыңдар, жарайсындар. ақылды да білімді бала болып өсе беріндер.
Енді келген қонақтарымызға рахметімізді айтып,  қоштасайық.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.