Балнұр Манапқызы Әндіржанованың Павлодар қаласындағы №15 орта мектебіне директор болып келгеніне де біраз жыл болды. Білім беру саласына еселі еңбегі сіңген, шәкірттері мен ұжымының құрметіне бөленген қадірлі ұстаз, білікті басшы. Біз ол кісіні тек жақсы қырынан ғана танып келеміз.
Білім – жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибе арқылы сараланып, толысып отыратын үздіксіз процесс. Ұстаз сол үрдіс негізінде қарлығаштың қос қанатындай білмегенін біліп, білгенімен бөлісіп, қатар жетіліп отырады. Соңғы жылдары білім беру мекемелері, соның ішінде біздің мектеп те жаңартылғын бағдарламалар бойынша жұмыс жасауда.
Жылдық жұмыс жоспарын орындай отырып, ұстаздар ұжымы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қоса меңгеруде. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалып жатыр.
Мен Балнұр Манапқызындай жақсы адаммен бірге қызмет етіп жүргенімді мақтан етемін.
Марал Амановна ЕГИНБАЕВА,
№15 ОМ мұғалімі,
Павлодар қаласы