Home » Мақалалар » Ұлағатты ұстаз жолы

Ұлағатты ұстаз жолы

Байназарова Ләзат Ағланбекқызы – «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» МКҚК-нің меңгерушісі.  Дархан еліміздің табиғаты көркем өңірде, яғни Семей облысы, Абай ауданында 1964 жылдың 31 мамырында дүниеге келді. Жыр алыбы – Жамбыл жүрген киелі жердің Абай атындағы педучилещесін 1983 жылы тәмамдап, алғашқы жұмыс орнына орналасады.  2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.           

Ұлағатты ұстаз еңбек өтілін  1983 жылы  Шу  ауданы «Панфилов» атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі  қызметінен  бастаған.  1984  жылы  Тараз қаласында «Колокольчик»  балабақшасында  тәрбиеші қызметін атқарды.

1985 жылы Жамбыл облысы  Жамбыл ауданы  «Октябрь жеміс» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,  1987- 1997 жыл аралығында  Жамбыл ауданы білім бөлімінің бастауыш  сынып әдіскері қызметін 1997 жылдан бастап  Жамбыл ауданы «Октябрь жеміс» орта мектебінің  директоры, 2001 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік кабинеттің әдіскері, 2005 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2005 жылдың қараша айынан бастап  Жамбыл облыстық  педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының  «Бастауыш сынып және мектепке дейінгі бөлім» кабинетінің меңгерушісі, 2007 жылы Жамбыл облыстық  педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының оқу бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап  Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 балабақша меңгерушісі,   2013 жылдан  қазіргі таңға дейін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай- бақшасында  меңгеруші  қызметін атқаруда.

Л.А.Байназарова меңгерушілік қызмет атқару барысында балабақшаның көркеюі мен жоғары деңгейден көрінуі үшін  аянбай еңбек  етіп келеді. Өзінің басшылық қызмет жолында білімі мен әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, жаңалықтың жаршысы болды. Білім беру саласына енгізілген инновациялық  технологияларды өзі басқарып отырған ұжым педагогтарына меңгерте отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

2014 жылы Республикалық «Қазақ ұстазы» журналы атынан алғыс хатпен марапатталды.   2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай Тараз қаласы әкімінің алғыс хатымен  марапатталды. 2015 жылы  Ұлыстың  Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар 2017 жылы «Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылы А.Байтұрсынов атындағы медалімен марапатталса, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тараз қаласы әкімінің алғыс хатымен  марапатталды. 2016 жылы Тараз қалалық мәслихаты хатшысының Құрмет  грамотасымен марапатталды. 2018 жылы Тараз қаласы әкімдігінің қалалық  білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік балабақша» байқауында  алғыс хатпен марапатталды және 2018 жылы білім беру саласындағы жемісті еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан қомақты үлесі үшін  Жамбыл  облысының  Құрмет грамотасымен марапатталды.

2014 жылы «Тәрбие мен білімнің негізін қалау жолындамыз» және «Жарқын болашағымыздың бастауын тәрбиелеудеміз» атты мақалалары Республикалық Қазақ ұстазы журналына шықты. 2018 жылы «Балабақша – таным көкжиегін кеңейтеді» атты мақаласы «Білім шырағы»   облыстық  педагогикалық – ақпараттық газетіне шықты.

Мекеме меңгерушісінің қолдауымен балалар түрлі байқауларға  қатысып  жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда,  2016 жылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектепке дейінгі тәрбиеленушілер арасында өткізілген «Жұлдызды сәт» фестивалінде №3 балабақшаның «Жасұлан» тобы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  2017 жылы облыстағы мектепке дейінгі мекемелерде үштұғырлы тіл саясатын  насихаттауға бағытталған «Мен көп тіл білемін»  атты акцияға қатысып, белсенділік танытқаны үшін №3 балабақша ұжымы марапатталды. 2017 жылы «Менің сүйікті  жануарым»  атты Республикалық фото және көркем сурет байқауында І дәрежелі дипломмен балабақша тәрбиеленушілері М.Нысанбаева, Біржан Бейбарыс,Бекен Алинұр, Анарбек Аделия, Леспек Көркем марапатталды. «Астана – арман қала» атты республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен Қанатбек Дінмұхаммед, Тоқтасын Тілеухан, Күзенбаева Раяна марапатталды. 2018 жылы  «Астана – елімнің жүрегі» атты республикалық көркемсурет байқауына қатысып  Мұхамеджан Даниял, Әшірәлі Тамерлан, Арап Жания  жүлделі   ІІ орынға ие болды.

Л.Байназарова  өз білімін жетілдіре отырып, іс-тәжірибесін шыңдау мақсатында «Мектеп жасына дейінгі балалардың  жан –жақты дамытуда  этнопедагогика  элементтерін   мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану тиімділігі» тақырыбында авторлық бағдарлама   жасады.

Жалпы, біздің педагогика саласындағы дәл осы кейіпкеріміз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатын қолдап, елі үшін өз үлесін қосуда. Сондықтан да ол ұжымға сыйлы басшы, ата-аналар, педагогтар, қызметтестері  тарапынан құрметке ие.

 

Жансая Құрманғалиқызы,

журналист

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.