1. Армысыздар, құрметті ұстаздар, салтанатты жиынымызға қатысушы қонақтар мен Жас ұландар.Бүгінгі біздің киелі шаңырағымыз білім ордамызда 3-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қатарына қабылдағалы тұрмыз.Бүгінгі жас ұлан ертеңгі болашақ иелері. Олай болса, «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 3-сынып оқушыларын қабылдау салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2. Шарықтаған әнұраным шарықта
Оны айтуға ел жастары жалықпа
Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр
Мынау тарих, келешекте халықта
Әнұраным-жан ұраным
Айтар сөзім, айтар әнім
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным
2.Әсемделген біздерге жырда аңыз
Айтар сөзім, айтар әнім
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраным.
(«Әнұран» орындалады)
1.Парызымыз-Ұлы Отанға адалдық
Бойымызда бар өскендік, балалық
Барша жанға-үлгі өнеге боламыз
Біз Жас Ұлан адалдықтан жаралдық.
2.Жас Ұлан туымыз желбіреген
Жетеміз биікке елменен
Өсеміз еліміз біз түлеп
Бабалар бастаған жолменен.
Президент-Жас ұлан!Түзел тік тұр.Жас ұлан ұйымының туы енгізілсін.
1.Барлық ұлтты бауырына басатын
Көкте туым желбіреген аса тым
Тарихымда өшпес дағы ізі бар
Егеменді елім менің жасасын.
2.Тамсандырған ән ұраны ұйымның
Сый секілді бізге берген ғажап тым
Тектілігін кең әлемге танытып
Жырымыз бұл ән қылып салар әрдайым
(«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны орындалады)
Президент: Жас ұлан! Түзел тік тұр.
Әрбір сыныптың топ басшылары бүгінгі «Ұланымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиынға дайындығы жөнінде рапорт беруге дайындалсын.
(Топ жетекшілері президентке рапорт береді)
Президент: Жас Ұлан! Түзел тік тұр!
Президент тәлімгерге рапорт береді
1.Еш таймасын жаста нарда
«Жас ұрпақ» боп қанат жай көкке самға
Шаршамай-ақ шалдықпай демалыссыз
Ей, Жас ұлан тек қана алға, алға.
2.Отанға пайдалы және мейірімді іс жасау үшін әділет пен мейірімділікті қалыптастырып, адамдар арасында өздерін көрсету үшін күш біріктіріп құрылған «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірлестігі өз қатарын тағыда көбейтпекші.
1.Жас ұлан- зор сенімге ие,олар шындықты айтады өз уәделерін орындайды.Шындық олардың тәрбиесінің түп қазығы.
2.Жас ұлан-көмекші. Ол өзге адамдарға қамқорлық жасайды.
1.Жас ұлан-мейірімді. Ол өз күшінің мейірімділікте екенін түсінеді.
2.Біз Отанның ұланы
Жер қайысқан қалың ел
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол
(3сынып оқушыларының ант қабылдауы )
Президент: «Жас ұлан» түзел тік тұр.
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірлестігі «Жас қыран» ұйымына қабылдау ауыл басшылары мен қонақтарымызға тапсырылсын.
Президент: «Жас ұлан» ұйымының мүшелері.
Ел мен жер және жас ұрпақтың тағдыры үшін әрқашанда дайын бол.
Бәрі:Әрқашанда дайынбыз.
1.Жас ұлан
Жарқылдаңдар, күліңдер
Бақытты өмір сүріңдер
Бар жақсылық, бейбітшілік білімде
Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер.
2.Жас ұландарды құттықтау және «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелерін марапаттау үшін мектеп басшысы Алмаганбетов Бақытбекке беріледі.
1.Қонақты сыйлау қашанда бізге қасиет
Бүгінгі жиында айтылар көп ақ ниет
Айтылған құрметіне ұрпақтардың
Жақсы тілек сіздерден қош аламыз-дей отырып, «Жас Ұлан» балалар мен жас өспірімдер бірлестігі қатарына қабылданған жас ұландарды құттықтау үшін қонақтарымызға сөз кезегін береміз.
2.Егемендік-ел бақыты, ертеңі
О, Жас ұрпақ!
Құттықтаймыз сіздерді
1.Келесі кезекте 5-сынып оқушысы Алмабай Ерболаттың «Жанымда қазақ» әнімен ортаға шақырамыз
Президент: Жас ұлан түзел, тік тұр.
«Жас ұлан» ұйымының туы шығарылсын.
2.Келешегіміздің гүлі «жас қыран» ұйымының мүшелерінің дамуына жол ашып,олардың санасын оятып білімді етуге атсалысайық.
1.Құрметті қонақтар, ұстаздар,Жас ұландар бүгінгі «Ұланымыз Ұлы елдің» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Малина Оспанова
№109 мектеп тәлімгері