Еліміздің Солтүстік шебінде орналасқан ірі әскери құрылымдардың бірі-6697 әскери бөлімінде жарты жылдық қорытынды тексеріс өтуде. Офицерлер мен келісім шарт бойынша қызметкерлер 22-ші қазан мен 29 –шы қазан аралығында барлық әскери қызметшілер қорытынды емтихандар тапсыратын болады. Жазғы оқу-жаттығу барысында үйренген тәжірибелерін көрсетуге үлкен мүмкіндік.Негізгі шараның мақсаты-жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін, тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайын бағалау. Қару-жарақпен, техникамен қамту жағыда назардан тыс қалмайды. Орталық Өңірлік қолбасшылығынан келген комиссия мен қатар бөлім командирі барлық әскери мүмкіндіктерін сүзгіден өткізді. Өңірде оқыс оқиға болса алғаш дұшпанға тойтарыс беретін осы әскери бөлімнің жауынгерлері. Сондықтан, олардың қандай жағдайға да дайын болуы ел қауіпсіздігі үшін аса маңызды. — Әскери бөлімнің бүгінгі дайындығы көңіл қуантарлықтай. Толық қорытындысы сенбі күні шығады. Барлық әскери қызметшілеріміз өте жақсы мен жақсы бағаларына тапсыруда.
Бүгін міне, алғашқы болып мергендіктерін сынады. Барлығы айтарлықтай өте жақсы — дейді бөлім командирінің орынбасары Бауыржан Шораев. Алдағы уақытта барлығын өте жақсы тапсырып, еңбектерінің нәтежесін көрсетеді деген сенімдеміз. Жетіқара мен Құшмұрын кентінде орналасқан жеке құрамда тексерістен толықтай өтетін болады.
Қымбат Шұғайып
6697 әскери бөлім
Кітапхана бастығы кіші сержант