Home » Балабақша » Үш тұғырлы тілдің – болашағы жарқын

Үш тұғырлы тілдің – болашағы жарқын

Армысыздар, құрметті әріптестер!

Бүгінгі “Үштұғырлы тілдің болашағы жарқын” атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да, қастерлі, қасиеті шексіз. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, дариды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «ұлттық тіл — қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.

«Тіл – қасиетті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да өміршең күй кеше береді»
Өтілу барысы: интеллектуалды сайыс.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд-суреттер.

Ендеше, бүгінгі «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыс 5 айналымнан тұрады.

 «Білгенге маржан»

 «Жұмбақтар»

«Суретпен жұмыс»

«Ертегілер елінде»

«Логикалық ойындар» (бейнеролик). Сайысымызды бастамас бұрын үш топқа бөлініп алайық. Ол үшін менің қолымдағы сандықшадан суырма қағаз алып, Kazakh, Rassian, English боп бөлініп, әр топқа орналасайық

Білгенге маржан:

  1. Отбасының басты функциясы?

(Тәрбие-воспитание-education)

  1. А.С.Макаренько ұжымның дамуын неше сатыға бөлді?

(үш-три-three)

  1. Я.А.Коменскийдің «ұлы дидактика» еңбегі қашан жарық көрді ?

(Мың алты жүз елу жеті-одна тысяча шестьсот пятьдесят семь –one thousand six hundreds fifty seven)

  1. Ынталандыру әдісі?

(Жарыс-конкуренция-competition)

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті?

(Ойын-игра-game)

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда әлі де болса кездесетін жаман әдет:

(Бақырып жылау-плакать-Check)

  1. Баланың белсенділігіне қарама-қарсы қасиетінің бірі:

(Енжарлық-равнодушие-Inactive)

  1. Баланың өзін өзгелерден ажырата алу қасиеті?

(Мен-Я-I)

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа еңбек процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын құралдарының бірі?

(Суқұйғыш-лейка-Watering can)

ІІ.Жұмбақтар:
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

(Жұлдыз-Звезда-Star)

  1. Қонақтап күнде қонар су бетіне,
    Сүйсінер барлық адам келбетіне.
    Тұлғасы су ішінде көрінеді,
    Таңырқап қарап тұрсам суретіне.

(Ай-Луна-Moon)

  1. Сатайын десем ауыр кілем,
    Сатпайын десем тәуір кілем

(Жер-Земля-Land)

  1. Сырылдатады шәйнегін,
    Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
    Тереземіздің әйнегін
    Жуады,
    Бірақ сүртпейді.

(Жаңбыр-Дождь-Rain)

  1. Аяқсыз жетіп барады,
    Қолсыз есік қағады.

(Жел-Ветер-Wind)

  1. 6. Қыста бар да, жазда жоқ,

Ол көп болса көңіл тоқ.

(Қар-снег-snow)

  1. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.

(Тау-гора-mountain)

  1. Қозғалып жүрер жортақ шам,
    Барлығымызға ортақ шам.

(Күн-солнце-sun)

  1. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді,

Аузы жоқ, ұлиды.

(Боран-метель-snowstorm)

  1. Ат шаптырым аумағы,
    Байқалмайды салмағы.
    Мың кессең де ол мейлі,
    Жүреді, ұшып өлмейді.

(Бұлт-облако-сloud)

  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

(Аққала-снеговик-snowman)

  1. Ағайынды бәрі,

Шықса көк,

Түссе сары.

(Жапырақ-листья-Leaves)

  1. Қыста киімін тастайды,
    Көктемде киіне бастайды.

(Ағаш-дерево-Tree)

  1. Құйсаң шығар гүл өсіп,
    Қатады қыста сіресіп.

(Су-вода-Water)

  1. Жаңбыр жауып басылды,
    Аспан шайдай ашылды.
    Қызыл, сары, жасылды,
    Көкте бір зат асылды.

(Кемпірқосақ-радуга-rainbow)

ІІІ. Суретпен жұмыс.

Берілген суреттерді көпше түрде  үш тілде айтады.

ІV.Ертегілер елінде. Сөзжұмбақ.

Сөзжұмбақ арқылы бір ертегінің атын шығару.

Оны үш тілде айту.

V.«Логикалық ойындар»

Бейнероликке назар аударту.

Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында “Үш тұғырлы тілді білу –  баянды болашақтың кепілі” деген болатын, сондықтан ана тіліміздің
абыройын асырып, мәртебесін үш тілде дамытайық әріптестер.
Үш тұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болсын деген тілекпен  сайысымызды аяқтаймыз.
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлығыңызға рахмет.
Қош сау болыңыздар!
До скорых встреч!
Dear guests and students our competition is over. Good bye!

Доскалиева Раушангуль Бауыржанқызы,
БҚО, Орал қаласы
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.