Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың наурыз- мамыр айлары аралығында үштілділік саясатының насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында балабақша ішілік іс-шаралар атқарылған болатын. Осыған орай №2 «Бөбек» санаториялық балабақшамызда «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбында бүлдіршіндер арасында қойылымдық ертегілер өткіздік. Біздің балабақшамызда үштілділікті насихаттауға байланысты ісшара өтті. 2017 жылы 18 мамырда «Болашақ» ересектер тобында «Сазайын тартқан түлкі» ертегісін балалар сахналық қойылым арқылы ойнап шықты. Сахналық қойылым арасында балалар үш тілде сөйледі. Балабақша психологы Әбдікамал Мөлдір ата- аналар мен балалар арасында «Көлбақа» тренингін заман талабына сай әдіс-тәсілді пайдалана отырып өткізді. Ата-аналар мен балалар тренингке белсенді қатысты. «Еркемай» ІІ кіші тобында «Бауырсақ» ертегісін бүлдіршіндер қойылым арқылы сахналап, балалар ертегі кейіпкерлерінің аттарын үш тілде айта білді. «Балапан» І кіші тобының тәрбиешісі Есекеева Камшат «Түлкі мен ешкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнап шықты. Балалар ертегіні қызығып тыңдады. Тәрбиешінің көмегімен ертегі кейіпкерлерінің атауларын балалар үш тілде қайталады.
Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы
№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ІІ санатты тәрбиешісі
Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті