Home » Білім және тұлға » Үш тілділік – заман талабы

Үш тілділік – заман талабы

XXI ғасыр жаңаша даму кезеңінің бастауы болып табылады. Еліміз үшін маңызды қадамның бірі – бұл білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту. Қазіргі таңда, барлығымызға белгілі тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды мәселесіне айналып отыр. Үш тілде білім беру орта мектепте оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге сабаққа белсене қатысуын арттырып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда көп септігін тигізуде.

«Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Осы қағиданы басшылыққа алып, ұстаздарымыз үш тілді еркін меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеуге кірісіп те кетті. Қазіргі ақпараттық технологияларының дамыған заманында үш тілді меңгеру қиындық тудырмайды. Оқушылар ағылшын тілін тек қана сабақ барысында емес, ғаламтордың көмегімен де еркін меңгеріп жүр. Көп тілді үйрету арқылы біз болашақта көкірегі ояу, көзі ашық, әлемдік мәдениетке көзқарасы қалыптасқан азамат тәрбиелейміз деген ойдамын.

Ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» дей келе, ана тілімізді құрметтейік, ал өзге тілдерді меңгеруге барынша құлшыныс жасайық.

 

Н.М.Сулекина
«№19 орта мектебі» КММ
Биология пәнінің мұғалімі
Қостанай қаласы, Рудный қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.