Home » Білім және өнер » Үш тілде білім беру- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы

Үш тілде білім беру- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы

Қараша айының 29- жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1 мектеп –гимназиясында «Үш тілде білім беру- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында ОҚО ББ әдістемелік кабинетінің 2016 жылғы іс-жоспарына сәйкес облыстық семинар өткізілді. Бұл семинардың мақсаты-үш тілде оқыту негізінде оқушылардың ақпарат кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Білім беру процесінде көптілділікті ендіру барысында оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту, оқушы құзыреттілігінің қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бұл іс-шараға АББ әдіскерлері мен қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері шақырылды.

Аталған семинарда тек мектептің ғана емес облыс мақтанышына айналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Үздік педагог-2016» республикалық байқауының жеңімпазы Байтасова Нұрила Сәрсенбайқызының озық іс-тәжірибесін облыс көлемінде тарату жоспарланды.

Биылғы жылы бұл байқауға 5620 – астам үміткер қатысса, соның ішінде 48 үміткер бұл байқауда жеңімпаз атанып республикалық «Үздік педагог» атағын әрі 2121000 теңге сыйақының сертификатын жеңіп алды. Біздің Оңтүстік Қазақстан облысынан 2 педагог қатысса, соның бірі-Байтасова Нұрила Сәрсенбайқызы.

Семинар барысында ҚР білім беру мазмұнын жаңғыртудағы «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасының жүзеге асырылу маңыздылығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ойлау қабілеті жоғары, нағыз адамгершілік иесі, білімді де саналы әрі ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру» тақырыптарында ОҚО ББ әдістемелік кабинетінің қазақ тілі пәнінің әдіскері Ақмарал Еламанқызы Аблаева мен Нурила Сәрсенбайқызы Байтасованың құнды баяндамалар жасады.

Сонымен қатар гимназия ұстаздары М. Таштаева «High Hopes», Э. Тұрабаева «Сан есімнен өткенді қайталау», Н. Қоштаева «Әнші әңгімесі өнер құдыретін бейнелейтін шығарма» тақырыбында ашық сабақтар; Н. Байтасова мен Б. Бакирова қазақ және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері «Анықтауыш» «Определение» тақырыбында, қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері М. Жүнісбекова мен З. Жаңабаева «Абай әлемі» тақырыбында кіріктірілген сабақтар өткізді.

Облыстың әр аймағынан жиналған әдіскерлер мен педагогтер өткізілген ашық сабақтарды талдап өз ойларын ортаға салып, әдіс алмастиы. Ұйымдастырылған іс-шараны қорытындылай келе ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білімді ел-мәңгі ел» тақырыбында концерттік бағдарламаға ұласты. Сахналық қойылым,

патриоттық әндер мен үш тілді еркін меңгерген балаларға қонақтар ырзашылықтарын білдірді. Семинарды қорытындылау кезеңде қатысушылар өткізілген іс-шара жайлы ұсыныс-пікірлерін кері байланыс арқылы білдірді.

А. Аблаева, Д. Айкозова, С. Апетова ОҚО ББ әдіскерлері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.