Home » Мақалалар » Үштұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі

Үштұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы,

Оразалы Қозыбаев атындағы

Қаратал орта мектебі,

Альжанова Бибигуль Ахановна

 

     Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды  бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі.  Әр тіл – өз орнында ұлы, әр тіл – бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасындағы өз өрнегімен қымбат. Бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.

Ғылым жолы – білім жолы. Ғылым адамзат дамуының қозғаушы күші. Елбасы Адам капиталын жетілдіру ісінде ғылымсыз жүзеге аспайтын, ғылым мен инновацияны дамытуда үш тұғырлы тілді дамытудың үлесі зор екенін айтады. Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы тарихи тұлғалармен байланысқа түседі, ана тілі арқылы төл мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіреді. Тарихи сабақтастықтың негізі де осы  ана тілін  жетік білуде жатыр. Бұл  – басты, бірінші негіз. Екіншіден орыс тілі бүгінгі таңда Қазақстан үшін  ақпарат тілі ғана емес, ұлтаралық байланыс тілі болып тұр.Үшінші, ағылшын тілі ғылым, инновация тілі десек, оны жетік игеру ғылымды дамытуға ықпал етері даусыз. Басты мақсат – мемлекеттік тілдің басқа халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһандану заманындағы жаһандық тілдермен тең қолданатын биікке жеткізу. Ол үшін жас ұрпақтың қабілеттері мен дарынын дамытып, оларды әлемдік тілде еркін сөйлеуге үйрету. Үш тілді жетік меңгерген жастар әлемді танудың кілтін қолына алады. Ол – жаһанданудың кепілі.

Қазіргі таңда мектептерде 1 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылуда. Мектеп оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту – уақыт талабы. Функционалдық  сауаттылық зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты әлемдік, әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім  қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болады. Осының бәрі мектеп қабырғасында қалыптасады.

Мен Меңдіқара ауданы, Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспар жасап, түрлі ойындарды, жаңа технология элементтерін қолдана отырып, сабақты оқушының ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын қолданып жүрмін. Олар : «Кластер», «ЖИКСО», «Синквеин», «Өзара сұрақ», «Венн диаграммасы» тағы басқалар.

«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе». Бұл – қазақ тілінің ұлттық деңгейде меңгерілу қажеттілігін үстем етері сөзсіз.

Орыс тілін меңгеру – біздің мәдени байлығымыздың ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтудың кепілі.

«Ағылшын тілін меңгеру – әлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті»,-деп Елбасымыздың айтқан сөзі ұлт болашағының жарқын бейнесі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.